USD 0.08
447.88
EUR 0.18
516.58
RUB 0.01
5.29
CNY 0.02
66.73

Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады

Снимок экрана 2026-09-16 в 14.06.00
Фото: @quryltairesmi

Құрылтай отырысының бірінші шақырылымда Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құру туралы маңызды шешім қабылданды, бұл туралы Айдос Сарым баяндады деп хабарлайды AIT Media.

Қоғамдық палата - заң жобалары мен ел өміріндегі маңызды мәселелерді қоғаммен және сарапшылармен бірге талқылайтын тұрақты алаң болмақ. Оның құрамына 50 адамға дейін енгізу көзделіп отыр.

Басты ерекшелігі - заң жобаларын бірінші оқылымға шығармай тұрып, «нөлдік оқылым» кезеңінде талқылау. Яғни қоғамға маңызды мәселелер алдымен сарапшылардың, кәсіби бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен өңір өкілдерінің сүзгісінен өтіп, түрлі ұсыныс пен пікір ескеріледі.

Алдағы уақытта оның жұмысына әр өңірден, қоғамдық кеңестерден және сарапшылар қауымдастығынан азаматтарды кеңінен тарту жоспарланып отыр. Осылайша, мамандар мен белсенді азаматтар Құрылтай жұмысына тікелей араласып, өз ұсыныстарын жеткізе алады.

Сонымен қатар Құрылтай жұмысына қатысу мүмкіндігі де кеңейтілмек. Маңызды отырыстарға азаматтар мен сарапшылар алдын ала аккредитациядан өтіп, офлайн немесе онлайн форматта қатыса алады.

Алдағы уақытта Құрылтай Бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындайды.

Поделиться