USD 2.08
448.61
EUR 1.21
503.83
RUB 0.03
5.48
CNY 0.29
67.20
Калькулятор оценки благосостояния / Әл-ауқат деңгейін есептейтін калькулятор

«Шетел азаматтары Қазақстанда заң бұзса, жауап беруі керек»: NAVAI ісі Құрылтайда көтерілді

1
Фото: instagram.com/navaib/

Қаржы министрі Мәди Такиев ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткіге қатысты күдікпен ұсталуынан кейін кедендік бақылауды күшейту мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Құрылтайда БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп хабарлайды AIT Media.

Министрдің сөзінше, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. 2014 жылы кеден қызметінен құқық қорғау функциялары алынып тасталған. Қазір кеден қызметкерлері осындай заңсыз заттарды анықтаған жағдайда, оларды құқық қорғау органдарына тапсырады. Ал одан кейінгі процестік шараларды тиісті органдар жүргізеді.

Депутат Бөріхан Нұрмұхамедов те бұл мәселенің кеден қызметіне тікелей қатысы жоқ екенін айтты. Оның пікірінше, шетел азаматтары Қазақстан аумағында заң бұзса, заң алдында жауап беруі керек.

Еске салайық, 13 қазанда Наваи Бакиров Қазақстанға Қырғызстаннан кірген кезде «Қордай» өткізу бекетінде ұсталған. Оның көлігін тексеру барысында есірткі заты табылған. 20 қазанда Жамбыл облысының полициясы қылмыстық істің тоқтатылғанын және рэпердің Қазақстаннан шығарылғанын хабарлады.

Поделиться