AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Ал егер мен Қазақстанда ЖК (жеке кәсіпкерлік) ашқым келсе, не істеймін?

pexels-kampus-8428064
Фото: Pexels

Жеке кәсіпкер бола отырып, сіз басқа компаниялармен және ұйымдармен заңды түрде ынтымақтасып, серіктестік қарым-қатынас орната аласыз. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, тұтынушылар ресми тіркелген кәсіпкерлерге көбірек сенім білдіреді.

Алайда іс жүзінде көптеген азаматтар ЖК ашу кезінде бірқатар сұрақтарға жауап таппай жатады немесе жиі қателіктер жібереді. Әсіресе, салық режимін таңдау, тіркеу талаптары мен заңдық міндеттемелерді түсіну барысында қиындықтар туындайды.

Осыған байланысты Ait Media редакциясы 19 жылдық тәжірибесі бар бухгалтер, BALKENES орталығының негізін қалаушы Балжан Бақытқалиқызынан ЖК ашу тәртібі, оның қашан міндетті болатыны және жаңадан бастаушылар жиі жіберетін қателіктер туралы сұрап білді.

Screenshot 2026-04-24 125028

Қазақстанда ЖК ашу үшін ең алдымен қандай қадамдар жасау керек?

1. Стратегиялық шешім қабылдау

Ең алдымен бизнесіңіздің болашағын анықтап алу керек: ол шағын болып қала ма, әлде ірі кәсіпке айнала ма, лицензия талап ететін салаға өсе ме.

ЖК мен заңды тұлғаның айырмашылығы үлкен. Тәжірибеде 5 жыл ЖК ретінде жұмыс істеген кәсіпкер кейін ірі тендерлерге қатыса алмай, шектеулерге тап болған. Себебі кей лицензиялар тек заңды тұлғаларға беріледі. Сондықтан ірі бизнес жоспарланса, бастапқы модельді дұрыс таңдау маңызды.

2. Бизнес түрін анықтау

Қай салада жұмыс істейтініңізді нақты түсіну керек: сауда, қызмет, құрылыс, медицина және т.б.

Сондай-ақ бұл қызмет лицензия талап ете ме — соны алдын ала тексеру қажет. Кей жағдайларда бірден заңды тұлға ашу тиімді болуы мүмкін.

3. Клиентті анықтау

Клиентіңіз кім екенін білу — маңызды фактор: жеке тұлғалар ма, әлде компаниялар ма?

Бұл тек маркетинг емес, салық режимін анықтайды. 2026 жылдан бастап кей жағдайда клиенттің өзі сіздің салық режиміңізге әсер етуі мүмкін. Егер режим клиентке тиімсіз болса, ол сізбен жұмыс істемеуі ықтимал. Сондықтан кәсіпкер нарыққа тиімді режимді таңдауы керек.

4. Тіркеу кезіндегі техникалық мәселелер

ЖК тіркеуде мекенжайды дұрыс көрсету маңызды.

Себебі:

  • кассалық аппарат (ККМ),
  • POS-терминал,
  • қызметкерлерді тіркеу,
  • кей жағдайда салық мөлшері

бәрі тіркелген адреске байланысты болады. Бизнес қай жерде жүргізілсе, тіркеу де соған сәйкес болуы тиіс.

5. Бизнесті заңды түрде бастау

“Қазір бастап, кейін заңдастырамын” деген — қате.

  • Бизнес бастамай тұрып:
  • кассалық аппаратты тіркеу
  • фискалдық чек беру
  • банктік шот ашу

қажет. Тауар сатсаңыз — чек беру міндетті, ал төлемдерді жеке картаға қабылдау заңсыз.

6. ЖК ашқаннан кейінгі жауапкершілік

ЖК тіркелген сәттен бастап:

  • сізге салық міндеттемелері жүктеледі
  • декларация тапсыру міндеті пайда болады

Бұл өте маңызды түсінік.

Қарапайым мысалмен айтсақ: бала дүниеге келгеннен кейін, біз қаласақ та, қаламасақ та жауаптымыз ғой. Сол сияқты — ЖК ашқаннан кейін де сіз толық жауапкершілік аласыз.

ЖК қашан міндетті түрде қажет болады және қандай жағдайларда оны ашпай-ақ жұмыс істеуге болады?

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлға белгілі бір жағдайларда дара кәсіпкер (ЖК) ретінде міндетті түрде тіркелуі тиіс. Жалпы, заң тұрғысынан “жеке кәсіпкер” емес, “дара кәсіпкер” ұғымы қолданылады, алайда халық арасында “ЖК” атауы кең таралған.

Сарапшының айтуынша, ЖК ретінде тіркелу міндетті болатын екі негізгі жағдай бар. Біріншісі — табыс мөлшеріне байланысты. Егер жеке тұлғаның бір жыл ішіндегі кәсіпкерлік табысы 360 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып кетсе, ол міндетті түрде ЖК ретінде тіркелуі керек. Мысалы, 2026 жылы бұл шек шамамен 1 557 000 теңгені құрайды.

Екінші жағдай — жұмыскер жалдау. Егер кәсіпкер бір адам болса да жұмыскер жалдаса, табыс көлеміне қарамастан, ол міндетті түрде дара кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.

Ал егер жеке тұлғаның табысы 360 АЕК-тен аспаса және ол жұмыскер жалдамаса, онда ЖК ашпай-ақ жұмыс істеуге болады. Мұндай жағдайда адам жеке тұлға ретінде қызметін жалғастыра алады.

Дегенмен маңызды жайт — ЖК тіркелмесе де, табысқа салық төлеу міндеті сақталады. Яғни жеке тұлға ретінде табыс тапқан жағдайда 10% мөлшерінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу қажет.

Ал ЖК тіркелгеннен кейін кәсіпкер салық режимін таңдайды. Таңдалған режимге байланысты төленетін салық мөлшері шамамен 0,5%-дан 10%-ға дейін өзгеруі мүмкін.

ЖК ашу кезінде жаңадан бастаушылар жиі жіберетін қателіктер қандай және олардан қалай сақтануға болады?

Сарапшының айтуынша, ЖК ашу кезінде жіберілетін ең жиі қателіктердің бірі — салық режимін дұрыс таңдамау. Көптеген кәсіпкерлер қай режим өзіне тиімді екенін толық түсінбей, немесе жай ғана “жеңіл” көрінген нұсқаны таңдай салады. Алайда мұндай шешім кейін артық салық төлеуге немесе тіпті клиенттерді жоғалтуға алып келуі мүмкін. Сондықтан салық режимін таңдағанда бизнес түрін, табыс көлемін және ең бастысы — клиенттердің кім екенін ескеру қажет.

Тағы бір маңызды қате — бизнесті тек салық тұрғысынан ғана қарастыру. Көп жағдайда адамдар “қанша салық төлеймін?” деген сұрақпен шектеледі. Бірақ іс жүзінде әр саланың өз талаптары бар. Мысалы, медицина саласында лицензия қажет, кей қызмет түрлерінде арнайы рұқсаттар талап етіледі, ал саудада кассалық аппаратты қолдану және чек беру міндетті.

Сондықтан кәсіпті бастамас бұрын тек салық мөлшерін емес, таңдалған саланың барлық заңдық және техникалық талаптарын толық зерттеу маңызды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.