AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Алматыда автобус жолақтарын, веложолдарды кеңейту және бірқатар көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі

pexels-aibek-skakov-418917601-28856102
Фото: Pexels

Алматыда көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ait Media.

Қалада қоғамдық көлікке арналған бөлінген жолақтар желісін кеңейту, веложолдардың ұзындығын шамамен 40 шақырымға арттыру және бірқатар көшелерде қозғалыс сызбаларын өзгерту жоспарлануда. Қоғамдық көлік пен жол қозғалысын ұйымдастыруды дамыту туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімдігі Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев айтты.

Оның айтуынша, бүгінде Алматыда 26 тасымалдаушы 206 тұрақты қалалық және қала маңындағы маршруттарға қызмет көрсетеді. Жылжымалы құрам 3 108 автобустан тұрады, ал маршруттардағы қозғалыс тұрақтылығы 99%-ға жетеді.

«Бүгінде Алматының қоғамдық көлігі — үлкен әрі үнемі дамып келе жатқан жүйе. Біз кезең-кезеңімен жылжымалы құрамды жаңартып, маршруттарды күшейтіп, жаңа бағыттар ашып жатырмыз. Мақсатымыз — қала тұрғындары үшін қозғалысты барынша ыңғайлы ету. Қоғамдық көліктің барлық аудандарда тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек», — деді Ержан Диханбаев.

206 маршруттың 127-сі қалалық, 21-і таулы және 58-і қала маңындағы бағыттар. Қалалық көлік жүйесінде 1 564 газбен жүретін автобус, 137 электробус, 156 троллейбус және 1 251 дизельді автобус жұмыс істейді.

2025 жылдың басынан бері Алматыда №21, 61, 64, 83, 84, 90, 96 және 130 жаңа сегіз маршрут іске қосылды. Оларға қызмет көрсету үшін 105 автобус тартылған. Сонымен қатар, 10 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылып, 162 жаңа автобус енгізілді. Бұдан бөлек, 49 маршрут күшейтіліп, ондағы автобустар саны 489-дан 719 бірлікке дейін артты.

2025 жылдың желтоқсан айында Onay операторымен бірлесіп Kaspi QR арқылы жолақы төлеу мүмкіндігі енгізілді.

«Біз тек маршруттарды дамытуға ғана емес, жолаушыларға қолайлылық жасауға да үлкен мән береміз. Сондықтан төлемнің заманауи тәсілдері енгізіліп, көлік жаңартылып, қызмет сапасы жақсаруда. Қалалық көлік әрбір жолаушы үшін қолжетімді әрі түсінікті болуы тиіс», — деді спикер.

Орталықтандырылған аялдама инфрақұрылымына да ерекше көңіл бөлінуде. Алматыда 2 261 аялдама пункті бар, оның 2 089-ы автопавильондармен жабдықталған. Оның ішінде 1 005 павильон жергілікті бюджет есебінен, 1 084-і жеке инвестициялар есебінен орнатылған. 2025 жылы басқарма 56 жаңа автопавильон орнатты, ал биыл тағы 200-ден астамын орнату жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымын жаңарту да жалғасуда. Қалада 642 бағдаршам нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы 396 мың шаршы метр жол таңбасы салынды, 3 558 жол белгісі орнатылып, 2 761 белгі ауыстырылды, сондай-ақ 6 450 погондық метр бөлгіш қоршаулар орнатылды. Биыл тағы 2 500-ден астам жол белгісін орнату және кемінде 350 мың шаршы метр таңба салу жоспарланған. Бұл жұмыстарға шамамен 4 млрд теңге бөлінген.

Ержан Диханбаевтың айтуынша, Алматы қозғалысты ұйымдастыруда әлемдік заманауи тәсілдерге сүйенеді, онда басымдық қоғамдық көлікке, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге беріледі.

«Қазіргі заманғы табысты қала — бұл ең алдымен көлікке емес, адамдарға ыңғайлы қала. Сондықтан әлемнің жетекші мегаполистері қоғамдық көлікті дамытуға, велоинфрақұрылым құруға және көшелердің қауіпсіздігін арттыруға басымдық беріп отыр. Бір автобус жолағы кәдімгі автокөлік жолағына қарағанда әлдеқайда көп адамды тасымалдай алады», — деді ол.

Көлік жүйесін жаңғырту аясында аль-Фараби даңғылы, Тілендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтпаев, Үтеген батыр, Рысқұлов, ВОАД және Солтүстік айналма жол бойында жаңа автобус жолақтарын енгізу қарастырылуда.

Сонымен қатар қалада велосипед инфрақұрылымын дамыту жоспарланған. 2026 жылы веложелінің ұзындығын 87 шақырымнан 125,5 шақырымға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, әкімдік бірқатар көшелерде біржақты қозғалыс енгізу және жол қозғалысы сызбаларын ірі бюджетсіз, көбіне жол таңбалары мен ұйымдастыруды оңтайландыру арқылы өзгерту мүмкіндігін қарастыруда.

Атап айтқанда, өзгерістер «Тастақ» базары маңындағы Брусиловский, Түркебаев, Қарасай батыр, Күлымбетов және Прокофьев көшелерін, сондай-ақ Ауэзов — Байзақов, Жуков — Уәлиханов және Радостовец учаскелерін қамтиды. Сонымен қатар Тимирязев, Жандосов, Манас, Мынбаев, Береговая, Армянская, Айманов және Пушкин көшелерінде де біржақты қозғалыс енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

«Біз алдымен өзгерістерді жол таңбалары мен уақытша сызбалар арқылы сынақтан өткізіп, кейін оң нәтиже болса, кеңейтеміз. Бұл тәсіл айтарлықтай шығынсыз-ақ жол жағдайын тиімді жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа қозғалыс сызбалары көшелердің өткізу қабілетін 20–25%-ға арттырып, апаттылықты 35%-ға дейін төмендетіп, негізгі көлік тораптарындағы жүктемені азайтады деп күтілуде», — деп түйіндеді Ержан Диханбаев.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.