AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Белгілі блогер Сәуле Ермаханова пластикалық ота кезінде қайтыс болды

Дизайн без названия (5)
Фото: instagram.com/@saule_bazarkhan

Белгілі қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық ота жасату кезінде кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Ait Media. Қайғылы оқиға «Smart Beauty Clinic» пластикалық хирургия клиникасында болған.

Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жеткізді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Сәулені «бауырындай жақын адам» деп атап, марқұмның отбасына көңіл айтты. Алайда өлімнің нақты себебі туралы мәлімет бермеді.

Кейінірек Telegram-арналар мен әлеуметтік желілерде Сәуле Базарханның пластикалық операция алдында немесе ота кезінде қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір деректерде оқиғадан кейін клиника қызметін уақытша тоқтатқаны айтылды. Сондай-ақ 2GIS платформасындағы пікірлерде қолданушылар әйелдің абдоминопластика кезінде көз жұмғанын жазған. Бірақ бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған.

Арада уақыт өткен соң марқұмның қызы Threads желісінде жазба жариялап, анасының өліміне қатысты өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке клиникада липосакция бойынша жоспарлы ота кезінде қайтыс болған. Операция жергілікті анестезиямен жасалуы тиіс болған және дәрігерлер оның ұзақтығы бір жарым сағаттан аспайды деп сендірген.

«Бір сағат өтті. Екі сағат өтті. Үш сағат өтті. Бізге ешкім ештеңе түсіндірмеді. Анамның қайтыс болғанын туысымызға тек кешкі сағат 18:00 шамасында ғана айтқан», — деп жазды марқұмның қызы.

Оның айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнына тек кешкі 19:00-де жеткен. Отбасы дәрігерлер неге бірден көмек шақырмағанын және осы уақыт аралығында науқасты аман алып қалу үшін қандай әрекеттер жасалғанын білгісі келеді.

Марқұмның туыстары клиника қайғылы жағдайға қарамастан жұмысын жалғастырып жатқанын да мәлімдеді. Олардың сөзінше, жақындары WhatsApp арқылы клиникаға жаңа клиент ретінде хабарласқанда "мекемеде ремонт жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан" онлайн-консультация жүргізуді және операцияларға жазылуды ұсынған.

«Анамыздың өліміне қатысты барлық жағдай анықталмайынша, клиниканың қызметі тоқтатылуы тиіс деп санаймыз. Біз әділ тергеуді талап етеміз», — деді қызы.

View on Threads

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.

«15 мамыр күні Алматы қаласындағы жекеменшік клиникалардың бірінде 53 жастағы әйел көз жұмды.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сәуле Базархан әлеуметтік желілерде кеңінен танымал болған. Ол кәсіпкерлікпен айналысып, Instagram парақшасында миллиондаған аудитория жинаған еді. Желі қолданушылары мен жақындары марқұмның қазасына байланысты көңіл айтып, әділ тергеу жүргізілуін талап етуде.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.