AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Қазақстандықтар Sen Sulu брендін Валя Карнавалмен коллаборациясы үшін сынға алды

Дизайн без названия (1)
Фото: instagram.com/sensulu.cosmeticss

Қазақстандық косметика бренді Sen Sulu ресейлік блогер әрі әнші Валя Карнавал қатысқан жарнаманы жариялағаннан кейін сынның астында қалды, деп хабарлайды Ait Media.

Брендтің әлеуметтік желідегі парақшасында Валя Карнавалмен бірге түсірілген жарнама жарияланғаннан кейін, Threads қолданушылары наразылық білдіріп, компанияны бойкоттауға шақырды. Желі қолданушылары блогердің Қазақстан мен қазақтарға қатысты бұрын тараған жағымсыз пікірлерін еске салды.

«Шынымен бе? Валя Карнавал танымал қазақстандық Sen Sulu брендінің жаңа бет-бейнесіне айналды ма?» — деп жазды қолданушылардың бірі.

Screenshot 2026-05-18 100409

Қоғамдық реакциядан кейін брендтің маркетологы Бақытгүл жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, Sen Sulu — Қазақстанда құрылып, ел ішінде де, шетелде де дамып келе жатқан отандық косметика бренді. Ал блогермен ынтымақтастық брендтің жаңа нарыққа шығуы және аудиториясын кеңейту мақсатындағы жарнамалық науқанның бір бөлігі болған. 

«Менің атым Бақытгүл, мен Sen Sulu брендінің маркетологымын.

Ең алдымен, Sen Sulu — тек Қазақстанда құрылып, еліміздің ішінде де, шетелде де дамып келе жатқан қазақстандық косметика бренді екенін айтқымыз келеді.

Сондай-ақ, жуырдағы коллаборациямызға қатысты жағдайды түсіндіргіміз келеді. Валя Карнавал Sen Sulu брендінің Қазақстандағы да, басқа ешбір елдегі де ресми бет-бейнесі емес», — делінген хабарламада.

View on Threads

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қазақстандық брендтің бұрын даулы жағдайға қалған блогермен жұмыс істеуін қатаң сынға алды.

«Нағыз қазақтың сұлу қызын қазақстандық брендтің жарнамасына шақырудың орнына, даулы беделі бар ресейлік блогершаны таңдағандарыңыз түсініксіз», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ал кейбір қолданушылар бұрыннан бері Sen Sulu брендінің тұрақты сатып алушысы болғанын, бірақ, енді бұл брендтен бас тартатынын жазып, Sen Sulu косметикасын қоқыс шелегіне тастап жатқан видеоларымен бөліскен.

«Жеке өзім Sen Sulu өнімдерін жиі сатып алатынмын. Бірақ енді бұл брендтің өнімдерін мүлде алмаймын», — деп жазды тағы бір тұтынушы.

Алайда кейбір пікір білдірушілер брендті қолдап, бұл қадамды жаңа нарыққа шығуға бағытталған дұрыс маркетингтік шешім деп бағалады.

«Қазақстандық бренд тек ішкі нарықпен шектелмеуі керек. Басқа елдердің нарығына шығуға ұмтылу — бұл өсудің белгісі», — деп жазды қолданушылардың бірі.

Айта кетейік, наразылыққа блогер туралы бұрын тараған мәлімдемелер себеп болды. YouTube авторы Антон Суворкин түсірілім кезінде Валя Карнавалдың қазақтарға қатысты жағымсыз пікір білдіргенін айтқан болатын. Алайда блогер бұл айыптауларды жоққа шығарып, оларды жалған ақпарат және жала деп атады. Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде Sen Sulu брендіне қатысты сын пікірлер әлі де жалғасуда.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.