Астанада өткен марафонда қатысушылар DJ-сетпен бірге жүгірді
17 мамыр күні Астанада өткен BI Marathon кезінде ерекше жағдай орын алып, қатысушылар DJ-сет қосылған музыканың сүйемелдеуімен жүгірді, деп хабарлайды Ait Media. Диджейдің видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Диджей Rahalook өз жабдығымен бірге жүгіру жолы бойымен қозғалып, түрлі музыкалар қойды. Оның ішінде танымал «Той жыры» (Дос-Мұқасан) композициясы да шырқалды.
Видео кадрларында диджейдің көмекшісі велоспедке бекітілген дыбыс жабдығымен бірге қозғалған. Ал диджей жабдықтардың артында өз өнерін көрсетіп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап жүгіріп бара жатқаны көрінеді. Ол түрлі тректерді араластырып, марафонға ерекше атмосфера сыйлаған.
Бұл сәт әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің назарын аударды. Пікір қалдырушылардың бірі өнерпаздың шеберлігін мақтап, бірі:
«Велосипедте отырған жігітті айтсайшы, досы үшін аппаратураны сүйреп келе жатыр» — деп жазған.
View on Threads