AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Димаш Құдайберген гуманитарлық миссиямен Бангладешке аттанды

25e2e8b173cf3639ae81-1392x782
Фото: dimashnews.com

БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Кокс-Базар өңіріне барды, деп хабарлайды Ait Media.

Кокс-Базар ауданында тұрақты гуманитарлық қолдауды қажет ететін көптеген мәжбүрлі қоныс аударған адамдар тұрады. Халықаралық ұйымдар мен жергілікті серіктестер тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл өңір климаттық және табиғи қауіп-қатерлерге байланысты қосымша сын-қатерлерге де тап болып отыр. Атап айтқанда, маусымдық су тасқындары мен циклондар гуманитарлық қызметтің жүзеге асырылуын және жергілікті қауымдастықтардың тұрмыс жағдайын күрделендіруде.

Гуманитарлық миссия аясында Димаш Құдайбергеннің ХКҰ-ның Кокс-Базардағы гуманитарлық бастамаларымен танысуы үшін бірқатар кездесулер мен сапарлар жоспарланған. Сондай-ақ бұл миссия өңірдегі гуманитарлық қолдау мен тұрақты даму мәселелеріне халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға бағытталған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.