AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

«Қазір екінің бірі өзін психолог деп атайды»: Қазақстанда психологтарға қатысты жаңа заң пайда болады

woman-asking-questions-interview
Фото: Freepik

ҚР Парламенті Мәжілісі Қазақстанда психологтардың қызметін реттейтін дербес заң пайда болатынын жариялады, деп хабарлайды Ait Media. Бүгін, 8 сәуірде Ait Media редакциясы депутаттардың осы заң жөнінде пікірін тыңдап, өз ойларын білді.

Мәжіліс депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген. Заң жобасының басты мақсаты — халыққа көрсетілетін психологиялық көмектің қолжетімділігін, сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Заң жобасы аясында саладағы негізгі ұғымдар айқындалады:

  • «психолог»
  • «психологиялық қызмет»
  • «ақпараттандырылған келісім»
  • «кәсіби құпия»
  • «психологиялық көмектің сапасы»

Сонымен қатар, заң медициналық қызметке қолданылмайтыны нақты көрсетілген.

Асхат Аймағамбетов: «Қазір екінің бірі өзін психолог деп атайды»

Мәжілістің жалпы отырысына дейінгі сұхбатта депутат Асхат Аймағамбетов бұл заңның не үшін қажет екенін түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда психологтарға қойылатын нақты талаптардың болмауы үлкен проблемаға айналған.

«Тіпті шаш қиятын адамдарға да талаптар бар. Ал адамның күйзелістегі жағдайында психикасымен жұмыс істейтін азаматтарға ешқандай бүгін талап жоқ. Сондықтан біз көріп отырмыз: Instagram мен TikTok-ты ашсаң, әрқайсысы бір “эксперт”, әрқайсысы бір “психолог”, өзін солай атап, түрлі ұсыныстар береді. Тіпті шағымдардың ішінде ажырасқан адамдардың мәселелері де бар», — деді ол.

Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы бірнеше маңызды мәселені шешуге бағытталған. Енді арнайы білімі жоқ, кәсіби дайындықтан өтпеген және мемлекеттік реестрде тіркелмеген азаматтар өздерін психолог деп атай алмайды. Заң талаптары бұзылған жағдайда тиісті жауапкершілік қарастырылады.

"Коуч — психолог емес"

Депутат әлеуметтік желілерде коучтардың өзін психолог ретінде көрсету мәселесін де көтерді.

«Қазір кейбір коучтар өздерін Instagram-дағы биосында психолог ретінде көрсетіп жатады. Заң қабылданғаннан кейін реестрде жоқ, арнайы білімі жоқ, тиісті курстардан өтпеген және талаптарға сәйкес келмейтін азаматтар психологиялық көмек көрсетемін деп айта алмайды. Олар өздерін тек коуч ретінде ғана таныстыра алады. Коучтарға қатысты нақты талаптар да қарастырылып жатыр. Бірақ олар психологиялық қызмет атқара алмайды», — деді депутат.

Құпиялылық мәселесі

Аймағамбетов жаңа заңда кәсіби құпияға ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Қазір бізде көп кейстер бар. Адамдар өзін “психологпын” дегендерге барып, өз мұңын, сезімтал ақпаратын айтады. Бірақ сол ақпараттың тарап кетіп жатқаны да кездеседі. Себебі бізде кәсіби құпия туралы нақты норма болмаған. Енді бұл норманы енгізіп жатырмыз. Егер сіз психологқа барып жеке, сезімтал ақпарат айтсаңыз, ол ақпаратты таратуға, сатуға болмайды. Ал мұндай жағдай болса, ол азамат қатаң жауапкершілікке тартылады», — деді ол.

Депутаттар психологқа бара ма?

Депутат Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев пен Тілектес Адамбеков өздерінің психологтың көмегіне ешқашан жүгінбегендерін жеткізді.

Қазыбек Әлішевтің айтуынша, өзі ешқашан психологқа бармаған. Тек ұлы мамандық таңдау кезінде бағыт-бағдар алу үшін психологиялық тест тапсырған.

Ал Тілектес Адамбеков психологқа адамдар өмірінде қандай-да бір сындар, мұқтаждықтар болғанда барады деп есептеп, өз өмірінде психологқа жүгінетіндей мұқтаждық болмағанын жеткізді.

View on Threads

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.