Астана-Тараз рейсіне полиция араласуға мәжбүр болды
Тараз–Астана бағытындағы рейс кезінде жолаушылардың бірі ұшудан бас тартқан, деп хабарлайды @ait__news Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып
Әлеуметтік желіде тараған видеода полиция қызметкерлерінің ұшақ бортындағы жолаушы отырған орынды тексеріп жатқанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, жолаушы ұшар алдында ұшудан бас тартқаннан кейін тексеру жүргізіліп, рейс кешіктірілген.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қазанда жолаушыларды ұшаққа отырғызу кезінде болған. Жолаушылардың бірі бортсерікке отбасылық жағдайларға байланысты ұшудан бас тартатынын айтқан.
«Осыған байланысты жолаушы мен оның багажын рейстен түсіру бойынша белгіленген рәсімдер басталды. Аталған жолаушының орны орналасқан аймақты тексеру барысында ешқандай тыйым салынған заттар мен бұйымдар анықталған жоқ», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.