Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр
Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтайда БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды AIT Media.
Министрдің сөзінше, Жібек жолы өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңартылған бекет тәулігіне 70 мың адамды өткізбек. Сонымен қатар бекет арқылы тәулігіне 200 автобус пен 3 мыңға жуық жеңіл автокөлік өткізуге мүмкіндік жасалады.
Мәди Такиев шекарадағы өткізу бекеттері екі ел азаматтарының күнделікті қатынасы мен сауда-саттық үшін маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан төрт өткізу бекетін жаңғыртқан.
Министрдің мәліметінше, биылғы тоғыз айда шекара арқылы 650 мыңға жуық автокөлік өткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға көп.