AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

17 жастағы оқушы Қарағанды қаласында өз кондитерлік цехын ашқан

абди
Фото: instagram.com/theaabdinur

Жезқазғандық Абдинур Жамбыл мектеп оқушысы бола тұра табысты кондитерлік бизнес ашып, бүгінде жүздеген мың теңгеге торттар әзірлейді, деп хабарлайды Ait Media.

Digital Business редакциясына берген сұхбатында ол кондитерлік істі 13 жасында пандемия кезінде үйде бастағанын айтты. Арнайы білімі болмағанына қарамастан, TikTok пен YouTube-тағы видеолар арқылы торт пісіруді үйренген. Алғашқы бенто-тортын 5 сағатта дайындаса, қазір бір тортты небәрі 15 минутта әзірлейді.

15 жасында тәттілерін сата бастаған жас кәсіпкер 17 жасында Қарағанды қаласында өз кондитерлік цехын ашқан. Бастапқыда бұл іске 4 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған: оның жартысы өз жинағы болса, қалғаны ата-анасы арқылы алынған несие болған.

Алғашқы айлар оңай соқпаған. Тіпті жалдау ақысын төлеуге де қаражат жетпеді. Жарты жыл бойы Абдинур жалғыз жұмыс істеді – өзі дайындап, өзі жарнамалап, өзі тазалық жұмыстарын атқарды. Жұмыс түнде де тоқтаған жоқ: ол әлеуметтік желілерін жүргізумен айналысып, таргет баптап, контент жариялап отырды, ал таңертең қайтадан цехқа оралатын.

Алғашқы қызметкерлерін жас кәсіпкер достары мен туыстарының арасынан алған, бірақ бұл қателік екенін тез түсінді. Тұрмыстық мәселелер туындады: витринадағы өнімдерді жеп қою, кассадан тыс ақша алу сияқты жағдайлар болған. Осыдан кейін ол достық пен бизнесті араластырмау керек деген шешімге келді.

Айына 1000-нан астам торт дайындалады. Ең танымал түрі – ваниль-банан-карамель, бағасы килограмына 9 500 теңге. Ал ең қымбат тапсырыс – салмағы 15 келі болатын төрт қабатты той торты, оның бағасы 290 000 теңгені құраған. Абдинур бұл тортты тікелей мейрамханада, жанында бешбармақ дайындалып жатқан кезде құрастырған.

Ең қиын жағдайлардың бірі 8 наурыз қарсаңында болған. Тұрақты серіктесі ірі тапсырыс беріп, ақшасын кейін төлеуге уәде еткен. Абдинур командасымен бір түнде жүздеген өнім дайындағанымен, тапсырыс үшін төлем жасалмаған.

«Жасым 17-де еді, ата-анама жүгініп, полицияға арыз жазуға тура келді. Осыдан кейін күйзеліс, қаржылық қиындықтар және денсаулыққа байланысты мәселелер басталды», – дейді Абдинур.

Осы жағдайдан кейін ол тек алдын ала төлеммен жұмыс істеуге көшкен.

Биыл Абдинур экономист-бухгалтер мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсті. Сол уақытта ол еуропалық корпус десерттерін зерттеп, кондитерлік кәсібін дамытып жатыр.

«Қорықпаңыздар, басқалардың пікірлеріне мән бермеңіздер – әрекет етіңіздер, байқап көріңіздер және дамыңыздар. Кондитерлер – өз еңбегімен адамдарға эмоция сыйлайтын шығармашылық адамдары», – деді жас кәсіпкер.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.