AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.00
470.80
EUR 0.00
545.99
RUB 0.00
6.60
CNY 0.00
69.29

«Қоғам әйелден “ыңғайлы” болуды күтеді»: Алматыда әйелдерің ішкі үні туралы «Мен қайдамын?» перформансы өтті

Screenshot 2026-05-22 174705
Фото: Галерея Oylau Space, фотограф Талап Исмагулов

Алматы қаласындағы Oylau Space галереясында өткен Qyryq Shyraq / States of Her көрмесі аясында перформер-суретші Эстердің «Мен қайдамын?» атты жұмысы ұсынылды, деп хабарлайды Ait Media. Автор бұл перформансты әйел тәжірибесі, ішкі үннің басылуы, дене жады және өз болмысына қайта оралу тақырыптарына арнаған.

Перформанс барысында суретшінің денесі «Абайлаңыз, нәзік» деген жазуы бар скотчпен оралған күйде бейнеленді. Бұл образ әлеуметтік таңбалар, талаптар мен әйел адамға бала кезден жүктелетін «ыңғайлы болу», «тыныш болу», «тәртіпті болу» және қоғам қабылдайтын қалыпқа сай келу шектеулерді символдайды.

«Бұл тек жеке тәжірибе емес»

Автордың айтуынша, жұмыс тек жеке тарихқа емес, ұжымдық әйел тәжірибесіне де арналған.

«Бұл перформанс — әйел тәжірибесі, ұжымдық әйел ауырсынуы, әлеуметтік шектеулер мен өз дауысын іздеу туралы жұмыс. Мен үшін қоғам әйелге жапсыратын таңбалар мен шектеулер туралы айту маңызды болды», — дейді суретші.

Эстер дене, қозғалыс және тірі қатысу арқылы көбіне айтылмай қалатын әйел тәжірибесін жеткізуге тырысқанын айтады.

«Дене және қимыл арқылы мен тек өз тарихымды емес, көбіне айтылмай қалатын әйелдердің ұжымдық тәжірибесін — қысым, нәзіктік, қарсылық пен өз дауысын қайтару әрекетін көрсетуге тырыстым», — дейді автор.

Импровизацияға негізделген перформанс

Жұмысқа екі биші де қатысып, олар әйелдердің ортақ тәжірибесін — ішкі күрес, қысым, ауырсыну, қарсылық және босау сезімдерін бейнелейтін «айна» іспетті образдарға айналды.

Автордың сөзінше, перформанс толықтай импровизация негізінде құрылған.

«Бұл толықтай импровизациялық жұмыс болды. Перформансқа дейін мен бишілермен таныс болмағанмын. Бірақ олар жұмыстың идеясын терең сезініп, процеске дайын хореография орындаушысы ретінде емес, өз тарихын дене арқылы бірге өткізген әйелдер ретінде кірді», — дейді Эстер.

Screenshot 2026-05-22 174212

Перформанс барысында автор көрерменмен тікелей байланыс орнатып, арақашықтықты жойды: ол кейбір көрермендерге жақындап, тіпті бір адамға умаждалған скотчты табыстап, сол эмоционалдық тәжірибенің бір бөлігін символикалық түрде «беріп жіберді».

Көрермен талқылауы 40 минутқа созылған

Көрсетілімнен кейін көрермендер шамамен 40 минут бойы талқылау жасап, өз интерпретацияларымен бөлісті. Автордың айтуынша, перформансқа деген қызығушылық жоғары болып, көптеген адам жұмысты қайта көру ниетін білдірген.

«Көрермендердің “мұндай жұмыстарды бәрі көруі керек” деген пікірлері мен үшін өте маңызды. Бұл перформанстың жеке тарих шеңберінен шығып, адамдар өз тәжірибесін тани алатын ортақ кеңістікке айналғанын көрсетеді», — дейді суретші.

“Мен қайдамын?” перформансы тағы қашан көрсетіледі?

Көрермендердің және әлеуметтік желідегі қызығушылық танытқан адамдардың сұранысына байланысты Эстер «Мен қайдамын?» перформансын алдағы 1,5–2 ай ішінде қайта көрсету мүмкіндігін қарастырып отыр. Жұмыс әйел денесі, еркіндік, зорлық, әлеуметтік рөлдер, ұжымдық жады және өз даусын қайтару тақырыптарын қозғамақ.

«Маған перформанс тілі өте жақын — бұл тірі, шынайы, дене арқылы сөйлейтін өнер. Ол көрерменмен тікелей эмоционалдық байланыс пен диалог тудыра алады.

Алматыда перформанс өнеріне арналған алғашқы фестиваль жасағым келеді. Қазақстанның әр өңіріндегі перформерлерді жинап, осы бағытты дамыту және кең аудиторияны қазіргі заманғы өнердің бұл түрімен таныстыру маңызды деп ойлаймын», — дейді Эстер.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.