Қазақтың қонақжайлылығынан көңілі қалған америкалық блогерді Алагөзовтер қонақ қылды
Алагөзовтер отбасы өз үйінде танымал америкалық тревел-блогер Коннор Кампергиниді қонақ қылды, деп хабарлайды Ait Media.
Тұрсынғали және Баян Алагөзовтер блогерді ұлттық киімде қарсы алған. Сондай-ақ қонақты ұлттық киім киген қыздар киіз үйде күтіп алып, қазақтың дәстүрлі тағамдарын ұсынған.
Кездесу барысында Коннор қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ерекше ықыласпен қабыл алғаны байқалады. Оған сый ретінде шапан жабылып, ұлттық әшекей бұйым да тарту етілді.
Айта кетейік, осыған дейін Коннор Кампергини Қазақстанға келгенін, дегенмен өзін ешкім күтіп алмағанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған еді. Оның айтуынша, Туризм министрлігі туристерді қарсы алатын топты жіберуді ұмытып кеткен. Видео астындағы жазбасында ол өз ренішін де білдірген болатын:
Өкінішке орай, Қазақстанда біз көп уәде мен сөзді естідік, алайда оны жүзеге асыру мен орындау деңгейі өте төмен болды.
Бұл көңіл қалдыратын жағдай.
Әсіресе, бұл елде менің шынайы керемет адамдар болып табылатын көптеген достарым бар екенін ескерсек, бұл жағдай тіпті өкінішті.
Тақырыпқа қатысты жаңалықтар:
Баян мен Тұрсын Алагөзовтердің зәулім үйі: киіз үй, жеке бассейн және фитнес-зал