AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Баян мен Тұрсын Алагөзовтердің зәулім үйі: киіз үй, жеке бассейн және фитнес-зал

алагузовых
Фото: Instagram/tursenalaguzov

Танымал блогер Бейбіт Әлібеков (ALIBEKOVKZ) Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызының үйін аралап, өз YouTube-каналында көрермендерге ерекше рум-тур ұсынды, деп хабарлайды Ait Media.

Үй қаладан жырақ, табиғат аясында орналасқан. Үйдің жалпы ауданы 2000 шаршы метр болса, жалпы үйді қоршаған жер телімі 4 гектарды құрайды.

Кәсіпкер және инвестор Тұрсынғали Алагөзов осындай зәулім үйдің көрінісіне әйелінің талғампаздығының зор әсерін атап өтті:

«Шынында мен бәрін әйелім үшін жасадым, бәрі оған ұнауы үшін».

Шолу киіз үйден басталды. Бұл туралы армандаған Баян Мақсатқызы жарына алғысын былай жеткізді:

«Бұл менің арманым еді, Тұрсынғалиға біз жаңа үйге көшкен кезде мен үлкен, кем дегенде сегіз қанатты киіз үйіміз болуын қатты қалайтынымды айттым. Сол арманымды айта сала – бір айдың ішінде ол пайда болды».

юрта

ярта

Көрермендерге одан әрі холл, асхана, терраса, staff-зона, балаларға арналған ойын аймағы, бар аймағы көрсетілді.

игровая и барная зона

Тұрсын мен Баян Алагөзовтер спортқа ерекше көңіл бөледі. Сондықтан үйде үлкен бассейн, сауна және жаттығу залы бар фитнес-зона орналасқан. Олардың айтуы бойынша, күн сайын міндетті түрде ұйқыға дейін бассейнде уақыт өткізеді.

бассейн

Видеоның соңында кәсіпкердің жеке кабинеті мен Алагөзовтердің гардеробтары көрсетілді. Бұл жерден үй иелерінің стильге деген ерекше көзқарасын абйқауға болады. Былғарыдан доптардан жасалған Louis Vuitton бомбері, дизайнерлік костюмдер және Баян Мақсатқызының брендтік сөмкелері де назарға ұсынылды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.