"Баяночка, түсінемін, жасың келді. Не істейсің енді?": Баян Мақсатқызының айыптауына блогер жауап қайтарды
Баян Мақсатқызы Диас Ахметов атты блогерді көп әйел алуды насихаттады деп айыптады, деп хабарлайды Ait Media.
Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы блогер Диас Ахметов туралы сторис жариялап, оны жауапкершілікке тартуды сұрады. Бұған оның «халал» мен «харам» туралы айтқан пікірі себеп болған.
Баян Мақсатқызы сторисінде Диас Ахметовтың желідегі видеосына сілтеме жасап:
«Осы адамды көпәйел алуды насихаттағаны үшін жауапкершілікке тартуды сұраймын. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясына тікелей қайшы келеді», — деп жазды.
Дау тудырған видеода Диас Ахметов эмодзилер арқылы қарым-қатынас түрлерін «халал» және «харам» деп бөліп көрсеткен. Оның айтуынша, «қыз + қыз» және «ер адам + ер адам» — харам, «әйел + екі ер адам» — да харам, ал «ер адам + бір әйел» және «ер адам + төрт әйел» — халал, халал Super Pro Max.
Бұл стористен кейін желіде қызу талқылау басталып, пікір білдірушілердің басым бөлігі наразылық танытқан.
Өз кезегінде Диас Ахметов жауап ретінде видео жариялап, былай деді:
«Қысқасы, халық, маған Баян Аллагузова ренжіп қалыпты. Көп әйел алуды насихаттайды дейді. Маған қатысты шара қолдану керек деп айтып жатыр. Қандай көп әйел алу? Мен ондайды насихаттап жатқан жоқпын, көп әйел алу туралы ештеңе айтқан жоқпын. Жай ғана “халал” мен “харам” дедім. Екі-ақ сөз айттым — болды. Оның үстіне суреттер ғана. Ол жерде үйлену туралы мүлде айтылмаған сияқты. Баяночка, бірдеңені дұрыс түсінбей қалған сияқтысың… Иә, жас ұлғайған соң ондай болады, түсінемін. Кейде ақпаратты дұрыс қабылдамай қаласың. Не істейсің енді??. Ол жерде тек ұлдарға бір-бірімен болмайтыны айтылған, анау-мынау, “шпили-вили” жасауға болмайды. Ал ұлдарға қыздармен болады. Немесе бірнеше қызбен болады. Сондықтан, Баяночка, бұлай істеме. Баяночкаға жіберіп қойыңдар».
Кейін блогер тағы бірнеше сторис жариялады. Соның бірінде:
«Мүмкін, осы видеоға ренжіген шығар», — деп күлкі эмодзиін қосып жазған.
Бұл жерде ол 2025 жылғы 17 тамызда жарияланған ескі видеоны меңзеген. Аталған роликте ол Баян Мақсатқызының Дженнифер Лопес туралы айтқан пікірін мысқылмен талдайды. Видеода:
«Ал енді Қазақстан аумағында тұратын "әлемдік деңгейдегі жұлдыздың" Джей Ло туралы “сараптамалық” пікірін тыңдап көрейік», — деп бастап, оның әрбір сөзін сынға алған.
Видео соңында ол:
«Бізде осындай “жұлдыздар” бар ғой, өздерінше, оларды Қазақстаннан басқа ешкім танымайды, тіпті ТМД-да да танымайды. Ал әлем тыңдайтын жұлдыздар туралы осындай пікір айтады. Тіпті сол Димаш туралы да “әншісымақ” дегендер болды. Ал қазір оны бүкіл әлем таниды. Ал сендерді кім таниды? Қазақстаннан басқа ешкім білмейді, тіпті мен кейбіреуін танымаймын да. Сондықтан өз пікірлеріңді айтқанда абай болған дұрыс», — деген.
Сондай-ақ блогер бұл жағдайға қатысты:
«Қысқасы, түсіндіңдер ме? Маған деген ренішін көптен бері ішінде сақтап жүрген сияқты. Баяночка, бұлай болмайды. Олай ренжи берме. Жай ғана бірдеңе айтпас бұрын ойлану керек. Баспен ойлау керек. Сол үшін бас берілген. Оның ішінде бас сүйек бар, ми бар, мидың сұр заты бар — бәрі бар», — деп пікір білдірген.
Соңында ол әзіл ретінде жылжымайтын мүлікке қатысты жарнамалық видеосымен бөлісіп:
«Мынаны да репост жасаңызшы, сату керек», — деген жазба қалдырды.

Қазіргі уақытта тараптар бұл жағдайға байланысты ресми түрде қосымша мәлімдеме жасаған жоқ.