Баян Мақсатқызы болашақта «Оскар» алатынына сенетінін айтты
Қазақстандық танымал продюсер, киноактриса, тележүргіузші және әнші Баян Алагузова соңғы сұхбаттарының бірінде Оскар туралы арманына қатысты пікір білдіріп, болашақта "Оскар" алатынына сенетінін айтты, деп хабарлайды Ait Media.
Оның сөзінше, шығармашылық жолды ол қысқа қашықтық емес, ұзақ марафон ретінде қабылдайды:
«Өзімді марафоншы деп атаймын. Білесіздер ме, 100 метрге жүгіретіндер бар — бір фильм түсіреді, болмай қалады да, сынып кетіп, кетіп қалады. Бір топ құрады — болмай қалады, жабады да кетеді. Ал мен өз марафонымды өте ұзақ уақыттан бері жүгіріп келемін. Өте көп жылдар және өмірдегі түрлі жағдайлармен. Құладым, тұрдым, шаңымды қағып, қайта жүгірдім».
Продюсердің айтуынша, оны алға жетелейтін басты нәрсе — арман:
«Сондықтан мен өз марафонымды әрі қарай да жалғастырамын. Бұл қашан болады, бола ма — белгісіз. Бірақ мен соған сенуді жалғастырамын. Себебі шығармашылық адамды не шабыттандырады? Арман. Мені шабыттандыратыны — осы».
Сонымен қатар, ол қай фильм «Оскарға» апаратынын нақты болжауға болмайтынын атап өтті:
«Бұл фильм бе, келесі фильм бе, әлде бесінші фильм бе — ешкім білмейді. Мен оны Жаратқанға тапсырамын».