AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

"Жанабыловтар ісі ақша арқылы жабылды ма?": Айтуар Қошмамбетовтің пікірі

_gluster_2022_7_4_b7260d35051512e7b4e56b45ca0f5fb6_1280x720
Фото: gov.kz

Сарапшы Айтуар Қошмамбетов қылмыстық істердің, әсіресе экономикалық істердің сотта қаралу процесі ұзаққа созылатынын айтып, мұның себебі істі жан-жақты, мұқият зерттеу қажеттілігімен байланысты екенін жеткізді, деп хабарлайды Ait Media.

«Шын мәнінде бұл – ұзақ процесс. Қылмыстық істер, соның ішінде сотта қаралатын істер де, әдетте ұзақ уақытқа созылады, өйткені бәрін мұқият зерттеу қажет», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Оның айтуынша, қазіргі Қылмыстық кодексте кінәні мойындау және залалды өтеу арқылы мәміле жасау тетігі қарастырылған.

«Біздің Қылмыстық кодексте осындай форматтағы келісім қарастырылған: мемлекеттік айыптаушы кінәні мойындауды және келтірілген залалды өтеуді ұсынады, ал мемлекет белгілі бір деңгейдегі жазаны белгілейді», – деп түсіндірді ол.

Сарапшы мұндай тәжірибенің дұрыс екенін және қоғам үшін де түсінікті бола түсетінін атап өтті:

«Менің ойымша, бұл дұрыс. Керісінше, осындай ашық істер көбейген сайын азаматтар сот жүйесін жақсырақ түсіне бастайды».

Оның пікірінше, экономикалық қылмыстарда келтірілген залал өтелсе, істі қаржылық жолмен реттеу орынды:

«Мен жалпы ауыр зардаптарға әкелмейтін экономикалық қылмыстардың қаржылық жолмен жабылуын қолдаймын. Егер экономикалық залал ақша арқылы өтелсе, онда мәселе де солай шешіледі. Ал егер физикалық немесе моральдық зиян болса, онда бұл – басқа салдар».

Кошмамбетов мұндай тетік жемқорлыққа жол ашу деген пікірмен келіспейтінін де нақтылады:

«Бұл басқа мәселе. Мұнда жемқорлық туралы айтылып отырған жоқ. Бұл – экономикалық қылмыстар туралы».

Жанабыловтар ісіне қатысты айтылған күмәнге байланысты ол әр істің жеке қаралатынын және экономикалық құқықбұзушылықтар аясында бағаланатынын атап өтті.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.