AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

«Бұлар тағы да «судан құрғақ» шығып кетті»: Қазақстандықтар Жанабыловтар ісі бойынша шыққан үкімге наразы

photo_541668.jpg
Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Астанада ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ait Media.

Олар заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Алайда сот шешімін кейбір қазақстандықтар әділ емес, тым жұмсақ деп бағалап, наразылық білдіруде.

Сот шешімі

Іс материалдарына сәйкес, блогерлер 247 миллион теңгеден астам залалды толық өтеген. Прокурормен жасалған процессуалдық келісім аясында Ерболат Жанабыловқа 2 жыл шартты жаза және пробациялық бақылау белгіленді, ал Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оның орындалуы 2 жылға кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, сот бірқатар мүліктерді мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды.

«Ерболат Жанабылов кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, пробациялық бақылауға алынды. Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды», - делінген сот қаулысында.

Қоғамдағы наразылық

Алайда қоғамда бұл шешім қызу талқыланып, көпшілік тарапынан наразылық пікірлер айтылуда. Бір қазақстандық әйел әлеуметтік желіде өз пікірін білдіріп, сот шешіміне қатысты наразылығын ашық жазды:

«Нәтижесінде Жанабыловтар мүлде жазаланбаған сияқты. Шартты жаза ма? Кейінге қалдыру ма? Эльмира жүкті болып, бала туады, ал содан кейін бәрі ұмытыла салады! Прокурор неге өз ұстанымын талап етпеді? Қандай татуласу туралы айтып отырмыз?! Сонда қалай: қылмыс жасай беріп, кейін барып татуласуға бола ма?!

Неге оларға әлеуметтік желілерін өшіруді және өмір бойы блогерлік қызметпен айналысуына тыйым салуды міндеттемеді?! Егер бәрін алдын ала басқа адамдардың атына аударып қойса, қандай мүлік тәркіленбек?!

Мейіржан лайықты түрде жазасын алды, ал бұлар тағы да «судан құрғақ» шығып кетті!»

View on Threads

Пост астындағы пікірлерде қоғам екіге бөлінгені көрінеді. Бір тарап авторды қолдап, шешімді тым жұмсақ деп санап, «ақша бәрін шешеді», «тағы бір цирк көрдік», «бұл елде алаяқтықпен айналысуға болады екен» деп әділетсіздік бар екенін айтып, «осылайша бәрін сатып құтылып кетті» деген ойларын білдіреді. Сондай-ақ кейбірі мүліктің толық тәркіленбеуі мен блогерлердің әрі қарай әлеуметтік желіде жұмыс істеуіне күмән келтіреді.

Ал екінші тарап керісінше сабыр сақтауға шақырып, «жамандық тілеудің қажеті жоқ», «ешкім олардан алуға мәжбүрлемеген», «3 балалары бар екенін ескерейік, тыныштыққа қалдырайық» деп жағдайды ушықтырмауды айтады, кей пікірлерде тіпті адамдардың өздері сатып алып, кейін шағымданатыны да айтылып, жауапкершілік қоғамда да бар екені еске салынады.

Істің мән-жайы

2025 жылдың 15 қыркүйегінде Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік істі тоқтатып, жаңа қаулы шығарды. Істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. 

Қаржы мониторингі агенттігі ақпаратына сүйенсек, Instagram әлеуметтік желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты өзіне тіркелгендердің сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.