AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Жалдамалы пәтер, өмір сынақтары: Меруерт Өтекешеваның қазіргі жағдайы желіде үлкен талқылау тудырды

Screenshot 2026-05-06 120522
Фото: Видеодан кадр

2026 жылдың 5 мамырында Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешева журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында қазіргі өмірі мен жеке жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Ait Media. Актриса қазіргі уақытта кіші қызы мен немересімен бірге жалдамалы пәтерде тұратынын жеткізген.

«Жұмыс істеп жүрміз. Жалақымызды алып, соған қуанып отырмыз. Бұл – біздің буынның шынығуы», — деді Меруерт Өтекешева Майя Бекбаеваға берген сұхбатында.

Актрисаның айтуынша, бұған дейін Алматы мен Астанада мемлекет тарапынан берілген пәтерлері болған, алайда кейін оларды сатуға тура келген.

«Берілген пәтерлерді саттық. Кіші қызымның еміне, қарыздарды жабуға қаражат керек болды», — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Меруерт Өтекешева қазіргі уақытта театр мен кино саласында белсенді рөлдер жоқ екенін, бірақ ұстаздық қызметпен айналысып жүргенін атап өтті. Сұхбат барысында актриса өміріндегі ауыр кезеңдер туралы да ашық айтты. 2008 жылы оның ұлы Фараби Тастанбеков өмірден өткен болатын.

«Ондай жоғалтудан кейін жүректе терең жара қалады. Бірақ мен әлсіздігімді көрсете алмаймын. Менің балаларым, немерелерім бар, оларға тірек болуым керек», — деді актриса.

«Ұлымнан айырылғаннан кейін кіші қызым өте ауыр жағдайда болды»

Оның айтуынша, осы қайғылы оқиғадан кейін кіші қызы Томирис ауыр психологиялық кезеңнен өткен, ал отбасы ұзақ уақыт бойы қалпына келу процесінен өткен.

«Ұлымнан айырылғаннан кейін кіші қызым өте ауыр жағдайда болды. Оған қолдау керек еді, мен жанында болуға тырыстым», — деп бөлісті Өтекешева.

Актриса сонымен қатар жұбайы, халық әртісі Құман Тастанбеков туралы да еске алып, өнер мен отбасы өмірінің байланысы жайлы айтқан.

Осы сұхбат Ait Media редакциясының актрисаның қызы Томирис Тастанбекованың 2013 жылы өткен «Хочу в ВИА Гру» тележобасына қатысқан сәтін еске алуына себеп болды.

Аталған шоуда Меруерт Өтекешеваның қызы Томирис Тастанбекова кастингке қатысып, өнер байқауынан өткен болатын. Сол кезеңде актриса қызымен бірге эфирге шығып, отбасылық тарихымен бөліскен.

Бағдарлама барысында ол ұлының қазасы және сол кезеңдегі отбасылық ауыр жағдай туралы да ашық айтқан сәттері көрермендердің есінде қалған. Кейінгі кадрларда актрисаның сахнада эмоцияға беріліп, өміріндегі қиындықтар мен ішкі күйзеліс жайлы бөліскені де көрсетілген. Қойылым соңында әнші парикті шешіп, көрсетілімді әсерлі турде аяқтаған еді.

Бұл сұхбат актрисаның өмір жолына қайта назар аудартты. Пікір қалдырушылар «Қазақ киносының аңызына айналған “Қыз Жібек” бейнесін сомдаған тұлға қалайша жалдамалы пәтерде тұрады?» деген пікірлер жиі жазылуда. Кей қолданушылар мемлекет тарапынан қолдау жеткіліксіз екенін айтып, «Мәдениет министрлігі неге осындай дарынды тұлғаларға назар аудармайды?» деп сын білдірсе, енді бір бөлігі меценаттар мен кәсіпкерлердің көмегін атап өтіп, актрисаға баспана сыйлау қажет екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде «зейнетақы» төлейтінін мәлімдеді.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.