Санжар Боқаевтың қамау мерзімі ұзартылды
Алматы қаласының тергеу соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 18 маусымға дейін ұзартты, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов мәлімдеді.
«Баршаңызға қайырлы күн. Бүгін, өкінішке қарай, Алматы қаласының тергеу соты біздің қорғауымыздағы Боқаев Санжар Омарұлының қамауда ұстау мерзімін 2026 жылғы 18 маусымға дейін ұзартты», – деді адвокат.
Еске сала кетейік, Санжар Боқаев 2026 жылдың наурыз айының соңында екі айға қамауға алынған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, ол әлеуметтік желілерде саябақтағы ағаштардың заңсыз кесілуі мен құрылыс нысандарындағы ұрлықтар туралы видеолар жариялаған. Алайда тергеушілердің пікірінше, ағаш кесу мен ұрлық әрекеттерін Бокаевтың өзі ұйымдастырған.
Сонымен қатар, оған ұлттық компаниядағы қызметі кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың тамыз айында Санжар Боқаев Алматы қаласының орталығынан бюджет қаражатына сатып алынған, әлі де жарамды кеспе тастардың жеке үйлердің аулаларына тасымалданып жатқанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жұмысшылар плиткаларды алып, манипуляторларға тиеп, жекеменшік нысандарға жеткізген. Сол кезде белсенді полиция шақырып, жиналған материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсыратынын айтқан болатын.
Тағы да оқыңыздар:
Кто мстит Санжару Бокаеву и за что он задержан
Эхо 90–х или правовое поле: политолог о задержании Санжара Бокаева