USD 0.00
453.93
EUR 0.00
508.72
RUB 0.00
5.35
CNY 0.00
67.83

«Дәретхананың өзін таппайсың»: танымал блогер Қазақстандағы туризмнің басты мәселелерін атады

Снимок экрана 2026-10-07 в 09.55.55
Фото: youtube.com/@DOPESOZ

Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Döpe Soz подкастында елдегі ішкі туризмнің дамуына кедергі болып отырған мәселелер туралы айтты.

Оның сөзінше, Қазақстанда табиғаты көркем, бірақ туристерге толық қолжетімді емес аймақтар көп. Мәселен, Жетісу облысындағы кейбір көрікті жерлерге көлікпен жету қиын, кей бағыттарға тек атпен баруға тура келеді.

Блогер ішкі туризмдегі негізгі мәселелер ретінде инфрақұрылымның әлсіздігін, жолдың жоқтығын және қызмет құнының қымбаттығын атап өтті.

«Қазақстан өте үлкен. Біріншіден, жолдар жоқ. Екіншіден, қымбат. Кей жерлерде дәретхананың өзін таппайсың», - деді Дастан Мұхамедрахым.

Оның айтуынша, елде туризм мәдениеті де енді қалыптасып келеді. Табиғатқа барғаннан кейін қоқысты жинап кету, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және вандализмге жол бермеу мәдениеті әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Блогердің пікірінше, ішкі туризмнің тағы бір мәселесі – бағаның шетелдік демалыспен бәсекеге түсе алмауы. Оның сөзінше, кей қазақстандық курорттарда бірнеше күн демалуға кететін қаражатқа шетелде бір апта демалып қайтуға болады.

«Алакөлде үш күн жататын ақшаға бес күн Түркияға барып келуге болады», – деді ол.

Поделиться