AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Зообақ үш кішкентай жолбарысқа ат іздейді

zoooooo
Фото: Алматинский зоопарк

Алматы зообағы әлеуметтік желідегі парақшасында жақында туған үш шөнжікке ат қоюға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Ait Media.

Бұған дейін зообақ қызметкерлері қуанышты жаңалықпен бөлісіп, үш бірдей жолбарыс күшігінің дүниеге келгенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда күшіктер өсіп, жетіліп келеді. Олардың барлығы — еркек.

zooooooo

Енді зообақ өкілдері көпшілікті ерекше бастамаға қатысуға шақырып отыр. Олар қазақстандықтардан кішкентай жолбарыстарға әдемі, есте қаларлық және мағыналы есімдер ұсынуды сұрады.

Ұсыныстарды зообақтың әлеуметтік желідегі жазбасының астына қалдыруға болады. «Жыртқыш сүтқоректілер» бөлімінің мамандары ең үздік нұсқаларды таңдап, сол есімдердің бірі жолбарыс күшіктеріне берілуі мүмкін.

Қазірдің өзінде желі қолданушылары түрлі идея ұсынып жатыр. Олардың қатарында «Күн-Ай-Жұлдыз», «Алтын-Күміс-Қола», «Жолбарыс, Айбарыс, Бекбарыс» секілді нұсқалар бар.

Зообақ барлық ниет білдірушілерді осы ерекше оқиғаның бір бөлігі болуға шақырады.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.