AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Жетісу облысында 45 жастағы ер адам 16 жасар қызды бірнеше жыл бойы қудалаған

Screenshot 2026-05-01 102315
Фото: Pexels

Жетісу облысы Алакөл ауданында тұратын жас қыз бірнеше жыл бойы қудалауға ұшырап жүргенін айтып, әлеуметтік желіде жазба ч(, деп хабарлайды Ait Media. Оның айтуынша, бұл жағдай жасөспірім кезінде басталған.

Жәбірленушінің сөзінше, ол 16 жаста болған кезде шамамен 45 жастағы, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған көршісі алғашында жай сұрақтар қойып, кейін жеке байланыс деректерін тауып алып, тұрақты түрде хабарласа бастаған. Қыз барлық байланыс арналары бойынша оны бұғаттағанымен, ер адам әлеуметтік желілер арқылы қайта-қайта байланыс орнатуға тырысқан.

View on Threads

Уақыт өте келе жағдай ушығып, ер адам қыздың туыстарына барып, үйлену туралы ұсыныс білдірген. Алайда туыстары бұл әрекетті қабылдамай, қарсылық көрсеткен. Соған қарамастан, ол қоғамдық орындарда жанжал шығарып, қызға қысым көрсетуді жалғастырған.

Жәбірленушінің айтуынша, бұл жағдай оның психологиялық ахуалына кері әсер еткен. Сонымен қатар, ер адам қыз туралы жалған ақпарат таратып, ауыл ішінде жағымсыз пікір қалыптастыруға тырысқан. Сондай-ақ, оны бақылап, түнгі уақытта жұмыстан үйіне қайтқанда аңдығаны айтылады.

Бұл туралы Абдулла есімді азамат та жоғарғы мекемелердің назарын аударту мақсатында өз парақшасында бөліскен.

Қазіргі таңда бұл жағдай жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызуда. Жәбірленуші құқық қорғау органдары тарапынан тиісті шаралар қабылданбай отырғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты Жетісу облысы Полиция департаменті түсініктеме берді:

«Аталған бейнематериал 2025 жылдың қараша айында түсірілген.

Осы факті бойынша оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары қажетті материалдарды жинап, медициналық сипаттағы шаралар қабылдау үшін тиісті мекемеге жолдаған. Қарау нәтижесінде азамат мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.

Сонымен қатар, 29 сәуір күні Үшарал қаласының тұрғынынан сталкинг фактісі бойынша арыз түсіп, оның негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кету қажет, бұған дейін арызданушы аталған фактілер бойынша полиция органдарына жүгінбеген.

Қазіргі таңда азамат мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды.

Аталған жағдай Департамент басшылығының ерекше бақылауында. Барлық құқыққа қайшы әрекеттерге заң аясында тиісті баға берілетін болады.»

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.