Желіде ер адамның ерекше балаға анасын табуға көмектескен сәті елді тәнті етті
Әлеуметтік желілерде ерекше қажеттілігі бар балаға анасын табуға көмектескен ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Ait Media.
Видеодан көлікте отырған ер адамның баладан оның үйін білетін-білмейтінін сұрап жатқанын көруге болады.
Белгілі болғандай, ер адам баланы көшеден байқап қалған. Баланың қолында телефон болғандықтан, ол осы мүмкіндікті пайдаланып, шамамен 30-40 минут бойы ата-анасын табуға тырысқан. Бала мазасызданып жылаған сәтте ер адам оны түсіністікпен жұбатқан.
Ізденістің нәтижесінде олар баланың анасымен байланысқа шығып, анасы мен баласы қайта қауышқан.
View on Threads
Желі қолданушылары бұл жағдайға бей-жай қарамай, ер адамның әрекетіне алғыс білдіріп, жылы пікірлер қалдыруда. Көпшілік оның адамгершілігі мен жанашырлығын ерекше атап өткен:
“Жасаған жақсылығың үшін, әрдайым сәттілік, жолың ашық, бақытты, үбірлі-шүбірлі, берекелі бол”
“Қалай түсінгенім бойынша, бала ерекше екен. Телефонды алып кетпегені жақсы болған, мүмкін ата-анасы абыржып, іздеуге шығып кетіп, ұмытып кеткен шығар. Балада телефон болғаны жақсы болыпты”
“Мамасы да шошып тұр ғой, қиын ғой ауыратын бала болған соң. Сізге Алла разы болсын”
“Маған ұнағаны — сіздің ерекше баламен де қарапайым бала сияқты сөйлескеніңіз. Құдай жарылқасын, баланы да, сізді де”
“Жаным, анасы дірілдеп тұр ғой… Сізге Алла жар болсын, бір баланың өмірін сақтап қалдыңыз”