AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 2.66
484.78
EUR 8.72
558.66
RUB 0.02
6.60
CNY 0.59
71.46

Жасұлан Базарбаев эфирде көз жасына ерік берді

Screenshot 2026-06-09 105848
Фото: Khabar TV

Қазақстандық әнші Жасұлан Базарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбаты кезінде көзіне жас алып, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Ait Media. Эфир барысында өнер иесіне жасанды интеллект көмегімен жасалған ерекше видео көрсетілген.

Видеода әншінің қызы әкесіне жылы сөздер айтып, алғысын білдіреді. Белгілі болғандай, Жасұлан Базарбаевтың қызына кішкентай кезінде аутизм диагнозы қойылған. Ұзақ уақыт бойы оның сөйлеуінде қиындықтар болған.

Эфир кезінде қызының «дауысын» естіген әнші эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берген. Кейін ол бұл сәтке қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.

«Қызым дүниеге келгелі бері осындай сөзді есту менің ең үлкен арманым еді. Бүгін қызымды жасанды интеллект арқылы сөйлеткен сәтте өзімді ұстай алмадым», – деп жазды әнші.

Оның айтуынша, бұл өзі үшін жай ғана технология емес, көптен күткен арманының бір сәтке орындалғанындай әсер қалдырған.

Алайда эфирдан кейін әлеуметтік желіде қызу пікірталас басталды. Көпшілік телеарнаның әрекетін этикаға сай емес деп бағалап, ерекше баласы бар әкенің сезімі арқылы рейтинг жинауға тырысты деп сынға алды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай видеоны көпшілікке көрсету дұрыс емес екенін айтып, медиаэтика мәселесін көтерді. Олар жасанды интеллект арқылы жасалған эмоционалды контентті эфирде қолдану көрерменнің де, кейіпкердің де психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін екенін жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Жасұлан Базарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында қызының суретін жасанды интеллект көмегімен «жандандырып» көргісі келетінін айтып, маман іздеп жүргенін жазған еді. Әнші бұл идея қызының өзіне деген қызығушылығын оятып, ашық болуына көмектеседі деп үміттенген.

Қазіргі уақытта «Хабар» телеарнасы бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.