AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Жасөспірімдер өлімі: Санжар Әділов Алматыдағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Screenshot 2026-05-06 132645
Фото: gov.kz

Алматыда жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін екі баланың қаза болуына қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Ait Media.

Оқиғаға байланысты пікір білдірген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов тергеу жүріп жатқанын және барлық мәліметтер әзірге жария етілмейтінін айтты.

«Қазіргі таңға қылмыстық кодекстің 250-ші бабына сәйкес толық нақты ақпаратты бере алмаймын. Алайда, үш қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде бұзақылық та бар, қасақана адам өлтіру фактісі де бар. Қазіргі таңда күдікті тұлғалар соттың санкциясымен қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал бопсалау бойынша, осы уәждерді тергеу барысында толық тексеріп, баға береміз», — деді Санжар Әділов.

Бұған дейін Алматыда жасөспірімдер арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласып, салдарынан екі жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмғаны хабарланған болатын. Оқиғаға қатысты түрлі нұсқалар әлеуметтік желілерде кең тарады.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпараттарға қатысты ресми түсініктеме беріп, зардап шеккендердің полиция бөліміне жеткізілгені туралы мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары дереу жетіп, зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілген.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.