AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Жаңа қазақстандық квинтет акапелламен тыңдармандарды тәнті етті

Дизайн без названия (16)
Фото: instagram.com/the_gassi

Әлеуметтік желіде жас қазақстандық TheGASSI жігіттер квинтетінің орындауындағы Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әні кең таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Ait Media.

Видеода бес жігіттің қарапайым подъезде, баспалдақта отырып, ешқандай музыкалық аспапсыз ән шырқағанын көруге болады. Олар туындыны акапелла форматында орындап, тек дауыстың үйлесімі арқылы ерекше атмосфера қалыптастырған.

Желі қолданушылары өнерлі жастардың талантына жоғары баға беріп, пікірлерде жылы лебіздерін білдірген.
«Керемет!», «Үлкен сахнадан көруді нәсіп етсін», «Жаным тынышталып қалды», «Концерт беріңдерші» деген сияқты пікірлер жиі жазылған. Кейбірі топқа тіпті «жедел продюсер керек» екенін де атап өткен.

Парақша мәліметіне сүйенсек, TheGASSI — Қазақстандық ерлер квинтеті. Олар бұған дейін де түрлі каверлер орындап, тыңдарман жинап үлгерген. Репертуарында "Сен келерсің", "Жүрегімді ұстап тұрып", "Өзің барда" сияқты қазақ әндерімен қатар, "The Godfather" фильмінің саундтрегі мен "The Shadow of Your Smile" секілді шетелдік шығармалар да бар.

Жас орындаушылардың қарапайым форматтағы өнері дәл қазір әлеуметтік желіде кең қолдау тауып, олардың үлкен сахнаға шығуына тыңдармандар тілек білдіруде.


Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.