AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Weeaboo дәуірі өтті: енді Kazakh-boo тренді басталды

Дизайн без названия (33)
Фото: Коллаж Ait Media

2026 жылдың мамырында батыс интернеті күтпеген жерден Қазақстанға қарай назар аудара бастады, деп хабарлайды Ait Media. X (бұрынғы Twitter) желісіндегі бір вирус жазба бірнеше сағат ішінде миллиондаған қаралым жинап, мемдер, эстетикалық топтамалар және Қазақстан туралы жаңа мәдени дискуссиялардың пайда болуына себеп болды.

Барлығы қолданушының «нёрдтер Жапонияны жақсы көру енді нишалық емес екенін түсінді, сондықтан Қазақстанға ауысты» деген пікірінен басталған. Осы жазбадан кейін әлеуметтік желілерде дала эстетикасы, киіз үй мәдениеті, домбыра үні және футуристік Астана туралы контенттер көбейді.

Screenshot 2026-05-08 101022

Интернетте бұл құбылысқа байланысты «Kazakh-boo» термині кең тарала бастады. Атау жапон поп-мәдениетіне әуес адамдарды сипаттайтын «weeaboo» сөзінен шыққан. Енді кейбір батыс қолданушылары Қазақстанды жаңа «нишалық мәдениет» ретінде қабылдап, оны мейнстримге қарсы ерекше қызығушылық ретінде көрсетуде.

Трендтің ең көп талқыланған элементтерінің бірі — өзін «Кен-мырза» деп атайтын америкалықтың вирус жазбасы болды. Ол Қазақстан мәдениетіне қызығушылығын сипаттап, ауласында киіз үй тігетінін, батырлар жырын оқитынын және садақ атумен айналысатынын жазған. Сонымен қатар автор Астанаға көшіп, авангард сәулетші болуды армандайтынын айтқан.

Screenshot 2026-05-08 102429

Батыс аудиториясының назарын әсіресе Қазақстанның визуалды эстетикасы аударды. Әлеуметтік желілерде кең тараған «Wasian» (West + Asian) ұғымы арқылы кей қолданушылар Қазақстанды Батыс пен Шығыстың тоғысқан кеңістігі ретінде сипаттай бастады. Астананың футуристік архитектурасы, посткеңестік брутализм, ұлттық ою-өрнектер мен шексіз дала «көшпелі киберпанк» образын қалыптастырғаны айтылады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл қызығушылықтың артуы интернет аудиториясының жаңа мәдени бағыт іздеуімен байланысты. Жапония, Корея және Қытай мәдениеттері ұзақ уақыт бойы жаһандық интернет кеңістігінің негізгі трендтері болып келгендіктен, пайдаланушылар енді аз зерттелген әрі ерекше визуалды кодқа ие мәдениеттерге назар аудара бастаған.

Қазақстан ішінде бұл трендке реакция әртүрлі болды. Бір бөлігі мұны елдің мәдени имиджінің өзгеруі және халықаралық қызығушылықтың артуы деп қабылдаса, екінші бөлігі Қазақстан мәдениетінің интернетте романтизацияланып, фетишизацияланып жатқанын айтады.

Әзірге «Kazakh-boo» құбылысы көбіне интернет-мем және вирустық мәдени толқын ретінде қабылданады. Алайда 2026 жылдың мамырында Қазақстан жаһандық онлайн кеңістіктегі ең күтпеген талқылау тақырыптарының біріне айналғаны анық.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.