AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Үшінші рет үйленген «5:32» фильмінің актері гендер-пати ұйымдастырды

Screenshot 2026-05-04 122415
Фото: instagram.com/serikovmansur

«5:32» сериалы арқылы танылған актер Әбілмансұр Серіков пен жары Гүлия Ұзақбаева гендер-пати ұйымдастырды, деп хабарлайды Ait Media.

Жақында үшінші рет шаңырақ көтерген танымал актер Әбілмансұр Серіков пен жары Гүлия Ұзақбаева сәби күтіп жүр. Ерлі-зайыптылар жақын достарымен бірге гендер-пати ұйымдастырып, қуанышты сәтпен Instagram парақшасында бөлісіп, «Жылдың ең басты тосынсыйы» деп жазба қалдырған.

Кадрларда ерлі-зайыптылардың қуанышы анық байқалады. Сонымен қатар, видеода актер ұл бала болады деп ойлағанын, бірақ қыз бала болғанын қалайтынын айтады. Ал жары керісінше, бастапқыдан қыз болады деп сенгенін және өзі де қыз баланы қалағанын жеткізеді.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас отбасыны құттықтап жатыр. Дегенмен кейбірі бұл видео ескі болуы мүмкін деген пікір білдірген.

Актердің жеке өміріне тоқталсақ, ол бұған дейін бірнеше рет некеде болған. Бірінші некесінен екі ұлы бар, екінші некесінде де екі ұл тәрбиелеп отыр. Осы жылдың наурыз айында актердің жары неке қию рәсімінен фото жариялаған болатын.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.