AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.03
469.49
EUR 1.16
552.59
RUB 0.09
6.24
CNY 0.05
68.87

Украиналық опера әншісі Димаш Құдайбергенге бір сахнада өнер көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді

Screenshot 2026-04-21 093754
Фото: instagram.com/victori__official

Украиналық опера әншісі Виктория Булеева қазақстандық танымаш әнші Димаш Құдайбергенге бір сахнада өнер көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ait Media.Screenshot 2026-04-21 094357

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, әсерлі жазбасымен бөлісті. Оның айтуынша, Будапешт қаласында өткен концерт өміріндегі ең маңызды сәттердің біріне айналған.

«17 мың көрермен. 17 мың жүрек бізбен бірге соқты. Сахнада болған жайтқа әлі де сене алар емеспін… Бұл – менің үлкен арманым еді», – деп жазды ол.

Screenshot 2026-04-21 094412

Виктория Булеева бұл кеште әлемдік деңгейдегі өнер жұлдыздарымен бірге өнер көрсеткенін атап өтті. Атап айтқанда, Пласидо Доминго, Пласидо Доминго кіші, Елена Дудочкина және Мансұр Құдайберген сияқты танымал тұлғалармен бір сахнада ән шырқаған.

Сонымен қатар,Виктория бұл мүмкіндікті үлкен мәртебе әрі бақыт деп атады. Жазбасында ол Димаш Құдайбергенге ерекше алғыс білдіріп, бұл кездесудің өзі үшін аса маңызды болғанын жеткізді.

«Құрметті Димаш, бұл кездесу мен үшін өте маңызды әрі қымбат. Көпшілік бұл дуэтті ұзақ күтті, және бәрі тағдырдың жазуымен болғандай әсер қалдырды. Сахнада бірге жасаған сәт – ұмытылмас», – деді әнші.

Screenshot 2026-04-21 094412

Screenshot 2026-04-21 094349

Сондай-ақ ол концертті ұйымдастырған Virtuosos Talent Show командасына кәсібилігі үшін алғыс айтып, бұл тек бастамасы екенін атап өтті.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.