AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 8.07
485.55
EUR 7.55
563.38
RUB 0.16
6.81
CNY 1.25
71.62

UFC экс-чемпионы Энтони Петтис қазақтың бешбармағын іздеп, Threads желісінде қызу талқылау тудырды

entoni-pettis-obyavil-ob-uhode-iz-ufc_16087038731900343958
Фото: championat.com

Америкалық аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің бұрынғы чемпионы Энтони Петтис әлеуметтік желі Threads-та қазақ аудиториясына үн қатып, ел ішінде қызу реакция тудырды, деп хабарлайды Ait Media.

Спортшы өз жазбасында Қазақстанға жолға шығып келе жатқанын айтып, оқырмандарына:
«Алматыда ең дәмді бешбармақты қай жерден жеуге болады?» – деп сұрақ қойған. Сондай-ақ ол Threads қазақтарға тиесілі ме деген әзіл-шыны аралас сауал да қалдырған.

Screenshot 2026-05-29 123143

Бұл жазба аз уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, қазақстандық қолданушылар арасында белсенді пікірталасқа айналды.

Желі қолданушылары әйгілі спортшыға түрлі ұсыныстар қалдырған. Бірі оны үйіне қонаққа шақырып, бешбармақ дайындап беруге дайын екенін жазса, енді бірі Алматыдағы танымал мейрамханаларды атаған. Кей пікірлерде спортшының қарапайым сұрағына әзілмен жауап беріп, оны Қазақстанның түрлі қалаларына – Шымкенттен бастап Атырауға дейін шақырған ұсыныстар да кездесті.

Кей қолданушылар тіпті Петтис келген жағдайда ұлттық тағаммен бірге қымыз, фишбармақ сияқты ерекше дәмдерді де татып көруді ұсынған.

Айта кетейік, Anthony Pettis – жеңіл салмақта UFC және WEC ұйымдарының бұрынғы чемпионы, әлемге танымал спортшылардың бірі. Оның әлеуметтік желідегі бұл жазбасы Қазақстандағы жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Қазіргі таңда желі қолданушылары спортшының Алматыға нақты қай уақытта келетінін талқылап, оған арналған “қазақша гастрономиялық маршрут” құруды жалғастыруда.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.