AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 1.68
472.48
EUR 4.07
550.06
RUB 0.01
6.59
CNY 0.35
69.64

“Тыңдармандарымның үмітін ақтағым келеді”: Sadraddin «ZEIIN» альбомын ерекше форматта ұсынды

Screenshot 2026-05-26 111514
Фото: instagram.com/sadraddinn

Sadraddin 2025 жылғы 22 мамырда Almaty Arena сахнасында жаңа «ZEIIN» альбомын тыңдау кешін (Listening Party) ерекше форматта өткізді. Іс-шара Yandex Music қолдауымен ұйымдастырылды.

Кеш барысында әнші жаңа альбомдағы тректерді алғаш рет үлкен ареналық форматта орындап, тыңдармандарға арнайы дайындалған тосынсыйларын ұсынды. Фанаттар шараға альбомның визуалды концепциясына сай қызғылт түсті киім киіп келіп, атмосфераны толықтырды.

Sadraddin — қазақстандық әнші, ән авторы және музыкант. Ол «Сен емес», «Махаббат», «Кім ол?» сияқты хит әндерімен танылып, соңғы жылдары үлкен сахналарда табысты өнер көрсетіп жүр.

Ол “Қазақстанның үздік әртісі” (Ticketon Awards 2024) атағын жеңіп алған, сондай-ақ “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Бұдан бөлек, 2025 жылы Forbes Kazakhstan “30 under 30” тізіміне енген. Сондай-ақ оның бірнеше әндері платина мәртебесіне ие болып, стриминг платформаларында миллиондаған тыңдалым жинаған.

«ZEIIN» — екі жылдық еңбектің нәтижесі

sadr

Sadraddin-нің айтуынша, «ZEIIN» — соңғы екі жыл бойы үлкен зейінмен жазылған алғашқы толыққанды альбомы. Жаңа жобаға ол ерекше эмоционалдық мән бергенін айтады.

«Тыңдармандарымның үмітін ақтағым келеді. Альбомды да тыңдармандарым зейін қойып тыңдаса екен дедім», — деді орындаушы.

Альбомда әртүрлі жанрлар мен стильдер қамтылған, әсіресе лирикалық бағыттағы әндер басым. Әнші бұл таңдауын өзінің ішкі болмысымен байланыстырады.

Сұрақ-жауап

Ait Media редакциясы оның шығармашылығы, өмірі және сахнадағы тәжірибесі жайлы бірнеше сұраққа жауап алды.

— Сіз туралы көпшіліктің алдында «қалыптасып қалған» белгілі бір образ бар. Сіздің мінезіңізде жұрт мүлде білмейтін тағы да қырлар бар ма?

Білмеймін, мүмкін мен шыдамсыз дейін бе, сол жағымды айтсам болады. Бұл маған жұмыста да көмектеседі, кез келген нәрсені тез жасауға.

— 30 мың адамдық стадионға шыққанда, қандай сезім басым болады: қуаныш, жауапкершілік, әлде қорқыныш?

Шынын айтсам, өте көп жауапкершілік. Себебі, сенің әндеріңді тыңдауға келген адамдардың барынша үмітін ақтағың келеді. Барынша алғысы келетін эмоцияларын бергім келеді.

— Егер музыка сіздің кәсібіңіз болмаса, кім болар едіңіз?

Мүмкін музыкант болмағанда, мен бәлкім, музыканың айналасында боламын деп ойлаймын. Мүмкін видеода, мүмкін оператор, бит жазу, звукач деген сияқты...

— Балалық шағыңызда музыкаға деген махаббатты және үлкен әртіс болуға деген құлшынысты алғаш рет қай сәтте сезіндіңіз? Бұған анаңыздың музыкалық тәжірибесі әсер етті ме?

Әрине, менің отбасым музыкалық отбасы. Бала күнімізден анамның қобыз ойнайтынын тыңдап өскенмін. Анамның жұмысына баратынмын. Бала кезімде мамам айтып беретін, оркестрде ойнаған анам. Сол жерде мен кішкентай кезімнен бастап, анамның жұмысында өсіп, музыка тыңдап өскен адаммын.

— Егер 20 жылдан кейін Sadraddin туралы фильм түсірілсе, соңғы көрінісінде қандай оқиға көрсетілгенін қалар едіңіз?

Соңғы оқиға, мүмкін арманына жеткен адамды көрсететін едім, адамдар соны қарап мотивация алып, армандайтын еді деп ойлаймын.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.