AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Тоқаев ХІV Қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты Ақордада марапаттады

erbol
Фото: t.me/aqorda_resmi

Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ait Media.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен әлемдік дода еліміз үшін табысты өткенін атап өтті. Ұлттық құрамада өнер көрсеткен Ербол Хамитов алтын және қола медаль жеңіп, ел мерейін асқақтатты. Президенттің құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі жариялады.

– Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем еттің, көк Туымызды биікте желбіреттің. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Ербол қазақтың қайсар, өр рухты әрі намысты ұлт екенін әлемге паш етті. Саған және бапкерлеріңе шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Паралимпиада алдында спортшыға ел туын табыстағанын еске алып, артылған сенімді толық ақтағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жеңіс – жылдар бойғы қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі. Қазақстан құрамасы командалық есепте 18-ші орынға табан тіреді.

еррболл

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бапкерлердің атлеттің жетістігінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті:

– Сіздер Ербол Хамитовқа білгендеріңізді үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлістіңіздер. Оның чемпионға тән табандылық танытып, биік мақсатқа ұмтылатын күрескер мінезін шыңдадыңыздар. Олимпиада жылнамасына есімін жазған белгілі, көрнекті спортшы болуына күш салдыңыздар. Сіздерге алғыс айтамын. Орайлы сәтті пайдаланып, бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығымды жеткізгім келеді, – деді Президент.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.