ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумдағы дауыс берудің айқындығын атап өтті
ТМД-ның парламент аралық ассамблеясынан келген халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы республикалық референдумның өткізілуін қадағалауды жалғастыруда, деп хабарлайды Ait Media. Миссия өкілдері бірнеше сайлау учаскесіне барып, дауыс берудің ашылу рәсімімен танысты.
Бұл туралы Әзіррбайжан Республикасының Милли Мәжілісінің төрағасының орынбасары, МПА ТМД халықаралық бақылаушылар тобының үйлестірушісі Зияфет Аббас оглу Аскеров хабарлады.
«Таңертеңнен бастап бақылау жұмысымызды бастауға кірістік және бірнеше сайлау учаскесінде болдық. Бірінші учаске — 128-ші сайлау учаскесі. Біз сол жердегі дауыс беру урналарын ашу рәсімінде қатыстық. Барлығы тамаша, ашық, әділ және Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясына сай өтті. Керемет әсер алдым, жоғары деңгейде», — деді Зияфет Аскеров.