AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Терминкомда шет тілдерін білетін мамандар болуы тиіс — Әлихан Байменов

казинформ
Фото: Подкаст BIZDIÑ ORTA

Терминология комиссиясында шет тілдерін білетін мамандар болуы тиіс. Бұл туралы Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов айтты, деп хабарлайды Ait Media.

— Менің ойымша, Терминкомда ең алдымен міндетті түрде бүкіл түркі тілдес халықтың — түрік, әзербайжан, татар, өзбек, қырғыз тілін білетін адамдар болуы керек. Өйткені, кейде сол елдерге барғанда біз жаттанды түрде қолданып жүрген сөз тіркестеріндегі кей сөздерді олардың басқа мағынада пайдаланып жүргенін байқаймыз. Екіншіден, ағылшын тілін білетін адамдар болуы тиіс. Өйткені, әлемдегі жаңалықтардың басым көпшілігі сол тілде. Үшіншіден, араб және қытай тілдерін білетін адамдар болуы қажет. Төртіншіден, бізде тұратын үлкен диаспоралардың, Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан көшіп келген қазақтардың өкілдері болуы тиіс, — деді Әлихан Байменов.

Комитет төрағасы мұндай ұсынысын Тіл білімі институтының басшылығына жеткізгенін айтты.

— Өмірде адам, жас бала оңай жолын іздейді. Қазақ тілінде балама сөзі болмаса, өзі біліп тұрған тілде сөйлеп кетеді. Орыс тілінің қолдану аясының бұрынғыша қалып отыруының бір себебі де осы, — деді ол.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.