AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 3.84
489.31
EUR 5.84
568.33
RUB 0.14
6.63
CNY 0.65
72.28

Теңізшевройл қызметкерлері өндіріс құрылғысының жұмысын құс ұясына байланысты тоқтатты

pexels-andromeda99-28820564
Фото: Pexels

Теңіз қалашығында қалдықтарды өңдеуге арналған құрылғының ішіне құс ұя салып алғандықтан, оның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ait Media. Журналист Ізбасарқызы Диана “Теңізшевройл” мекемесіне қарасты “ТеңізЭкоОрталығының” жұмыс процесімен танысу барысында осы ерекше жағдайға куә болған.

Оның сөзінше, Теңіз қалашығында қалдықтарды қабылдап, өңдеуге арналған құрылғылардың бірі уақытша жұмысын тоқтатқан. Себебі құрылғының ішіне құс ұя салып алған.

«Енді бұл құс қашан балапан басып, қашан ұшып кетеді, тек сол уақытта ғана жұмыс әрі қарай жалғасатын болады», — дейді мекеме қызметкерлері.

Журналист бұл жағдайдың өзін ерекше әсерге бөлегенін атап өтті.

«Бұл жолы мен теңіздіктердің тіршілік иелеріне, жан-жануарларға деген құрметін, сыйластығын өз көзіммен көріп, риза болып тұрмын», — деді тілші.

View on Threads

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.