AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Талдықорғанда Toyota Camry көлігі мопедтегі екі жасөспірімді қағып кетті

камри
Фото: Видеодан кадр

Талдықорғанда мопед пен Toyota Camry көлігі қатысқан ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Ait Media.

Жол апаты 2 сәуірге қараған түні, сағат 00:10 шамасында Жансүгіров — Балпық би көшелерінің қиылысында болған. Видеодан жеңіл көліктің жоғары жылдамдықпен келіп, мопедті қатты соққанын көруге болады. Сондай-ақ көліктің бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өткен сәті де анық байқалады.

Желідегі мәлімет бойынша, мопедте 16 және 18 жастағы екі жасөспірім болған. Қатты соққыдан кейін олар бірнеше метрге ұшып кеткен. Екі жасөспірім де ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр. Олардың бірінде бас жарақаты мен сынықтар анықталса, екіншісі жамбас, аяқ және омыртқа сүйектерінің сынықтарымен жансақтау бөлімінде жатыр.

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу барысында анықталғандай, Toyota Camry жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтпек болған кезде мопедпен соқтығысқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.