Талдықорғанда 19 жастағы екі тұрғын таныстарын микрокредит алып беруге мәжбүрлеген
Талдықорғанда полицейлер таныстарын күш көрсету арқылы өз атына несие рәсімдеуге мәжбүрлеген екі жергілікті тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды Ait Media.
ҚР ІІМ дерегіне сәйкес, бұл схема 2024 жылдың күзінен бері жүйелі түрде жүзеге асқан. Жәбірленушілер алған қаражатты күдіктілерге беруге мәжбүр болған. Алдын ала деректер бойынша, 6 адам зардап шеккен, жалпы шығын 2 миллион теңгеден асты.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынған, қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Polisia KZ YouTube арнасында видео жариялады.
Полиция азаматтарға кез келген қысым немесе бопсалау фактісінде дереу тиісті органдарға хабарласу қажет екенін ескертті.