AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

«Сыңғырлаған вагон»: Қарағандылық биші қыздар түсірген тренд желіні тәнті етті

Дизайн без названия (32)
Фото: instagram.com/ajalakz

Қарағанды қаласының образдық хореографиялық ұжымдары — «Аяла» және «Жұлдыз» ансамбльдерінің әлеуметтік желіде тараған видеосы көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды, деп хабарлайды Ait Media.

Пойыз вагонында түсірілген әсерлі рилс желіде кеңінен таралып, «Medal Trend» форматындағы ең жарқын жұмыстардың бірі ретінде бағалануда.

Ұжым Алматы қаласында өткен халықаралық хореографиялық конкурсқа қатысып, 4 пен 8 жас аралығындағы ең кішкентай тәрбиеленушілерімен өнер көрсеткен. Байқау нәтижесінде балалар І орындарды және ІІ орынды иеленіп, үлкен жетістікке жеткен. Конкурсқа «Аяла» және «Жұлдыз» ансамбльдерінен жалпы 51 адам қатысқан.

Ансамбль жетекшісі Савельева Татьяна Владимировнаның айтуынша, пойыздағы видео әдейі балаларды қолдау және шабыттандыру үшін түсірілген.

«Біз бұл рилсті балаларымызды қолдау, олардың алғашқы қадамдары мен жетістіктерін көрсету үшін түсірдік. Олар өз еңбектерінің бағаланғанын сезініп, әрі қарай да дамуға мотивация алсын дедік», — дейді ол.

Желі қолданушылары пікірлерінде ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп, «Осы жетістіктің артында ұстаздың маңдай тері мен еңбегі тұрады», «Ұстаздарына шабыт тілейміз, оқушыларға алар асу көп болсын», «Керемет, құтты болсын!» деп жылы лебіздерін білдірді.

«Аяла» және «Жұлдыз» хореографиялық ансамбльдерінің жетекшісі — Савельева Татьяна Владимировна. Ұжыммен жұмыс істейтін хореографтар қатарында Коновалова Оксана Юрьевна, Елубаева Аруана Мейржановна және Стафеева Анастасия Павловна бар. Олар жас бишілердің шеберлігін дамытып, халықаралық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне және жаңа буын таланттарын тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.