Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі
2026 жылғы 8 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Ait Media.
Бұл туралы ведомство ресми түрде хабарлады.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, әкімшілік кедергілер және тиісті саланы жетілдіруге қатысты ұсыныстар қарастырылады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда нормативтік-құқықтық актілер де зерттеледі.
Комитет азаматтар мен мүдделі тараптардан осы бағыттағы ақпарат пен ұсыныстарды жолдауды сұрайды. Мәліметтерді a.ismukhametov@dsm.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Ведомство тарапынан барлық жіберілген ақпараттың құпия сақталатыны және анонимділікке кепілдік берілетіні атап өтілді.
Түскен ұсыныстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жүйені жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.