AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 2.62
471.46
EUR 2.90
555.38
RUB 0.08
6.18
CNY 0.38
69.12

Стоматология алдында пикник жасаған қыздар мамандарды бейжай қалдырмады

summer-vacation-vibes
Фото: Pexels

Атырауда стоматология алдында пикник жасаған қыздардың видеосы тарады, деп хабарлайды Ait Media. Оларды байқаған стамотология қызметкерлері қыздарға тәттілер ұсынды.

Кадрларда кішкентай қыздардың стоматологиялық орталықтың алдында пикник ұйымдастырғанын көруге болады.

Бейнежазбада үш қыз кіреберіс алдында жамылғы төсеп, чипсы, мармелад және сусындармен қарапайым отырыс ұйымдастырған. Олардың бұл әрекеті стоматология қызметкерлерінің назарынан тыс қалмаған.

Орталықтың екі қызметкері қыздарды қуантпақ болып, қосымша тәттілер мен сусындар алып шығып, оларға ұсынған. Бейнежазбада қыздардың жағымды таңғалған сәттері анық байқалады.

Желі қолданушылары бұл видеоны жылы қабылдап, жігіттердің әрекетін мақтауда. Көпшілігі мұндай сәттердің балалық шақты еске түсіретінін жазған:

«Риза болдым сіздерге, жарайсыздар»
«Үйде телефон шұқылағаннан ғөрі осы жақсы»
«Баяғыда көрші қыздармен осылай жиналатын едік»

Кейбірі әзілдеп, енді бұл жер «пикник орнына» айналып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.