AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Шымкенттіктер лифттің алдына дейін дастархан жайып, қонақ күткен

Screenshot 2026-04-27 102915
Фото: ernur.kz

Әлеуметтік желілерде ерекше форматтағы қонақ күту сәті түсірілген видео кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды Ait Media. Кадрларда Шымкент қаласындағы "Отбасы" тұрғын үй кешеніндегі лифт холлында жайылған үлкен дастарханды көруге болады. Үйдің іші тарлық еткендіктен, тұрғындар мерекелік үстелді пәтерден сыртқа шығарып, қонақтарды дәл лифт жанында күткен. Тіпті, сол жерге кілем де төсеп қойған.

Видеоға “Басқалар: үйіміз тар, қонақ күте алмаймыз. Қазақтар:” деген жазба қосылған. Лифт есігі ашылған сәтте, қарсы алдында дайын тұрған дастархан көрінісі желі қолданушыларын таң қалдырды.

Желіде тараған пікірлер екіге бөлінді. Бірі мұны қазақтың қонақжайлығы мен қарапайымдылығының көрінісі деп бағаласа, енді бірі мұндай әрекет көршілерге қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

Мәселен, кей қолданушылар: “Осындайымызбен қазақпыз. Қонақ риза болса болды”, “Құтты шаңырақ болсын, қазақтарға бәрі жарасады, ебін тапқан қандай күшті”, “Көршілер келіссе, керемет идея” деп жазса, бірі: “Бұл дұрыс емес, орын жетпесе мейрамхана жалдау керек” деген пікір қалдырған.

Автордың айтуынша, бұл жағдай жаңадан салынған тұрғын үй кешенінде болған. Қазіргі уақытта тек бір ғана көршілері болғандықтан дастарханды солармен келісіп жайған.

Сондай-ақ кейбірі мұндай форматты әзілмен қабылдап, “лифттен шыға сала дастарханға тап болу” жағдайын ерекше вайб ретінде сипаттаған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.