USD 0.67
447.94
EUR 1.51
502.32
RUB 0.04
5.52
CNY 0.08
67.12
Калькулятор оценки благосостояния / Әл-ауқат деңгейін есептейтін калькулятор

Шымкентте хиджабтағы әйел 2 келіден астам есірткімен ұсталды

Шымкентте хиджабтағы әйел 2 келіден астам есірткімен ұсталды
Фото: magnific.com

Шымкентте синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды Ait Media.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған.

Сондай-ақ одан есірткіні өлшеуге және орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің жалдап тұрған пәтері тексеріліп, әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамнан болатын 32 орама синтетикалық есірткі анықталған.

«Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.

Полиция есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және оны тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Поделиться