AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 2.07
476.97
EUR 7.29
562.59
RUB 0.03
6.27
CNY 0.47
69.98

Шымкентте ер адамды соққыға жыққан аудан әкімі жазаға тартылды

Screenshot 2026-04-15 114803
Фото: gov.kz

Шымкенттің Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев футбол алаңында адамға қол көтерген оқиғадан кейін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ait Media, Казинформ сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаментінің мәліметінше, әкімге қызметтік міндеттерді толық орындамағаны үшін ескерту жасалды. Бұл шешім этика комиссиясының ұсынысы негізінде қала әкімінің бұйрығымен қабылданды.

Оқиғадан кейін Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа қатысты тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізілді. Жиналған материалдар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясының қарауына ұсынылды.

«Әдеп жөніндегі комиссия Алмас Абаевтың әрекеттерінде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бар деген қорытындыға келді. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкіміне оған толық емес қызметтік сәйкестік түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсыну туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қала әкімінің аппаратында бұл шешімнің қабылданғаны расталды.

«Шымкент қаласы әкімінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі өкімімен Алмас Абаев жоғарыда көрсетілген тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп толықтырды департамент.

Аталған жағдай бойынша қосымша тексерулер жүргізілмеген.

«Қаланың мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және алдағы уақытта құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хат жолданды», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қанат Қадырбеков.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде футбол алаңында ер адамды ұрып жатқан Қаратау ауданы әкіміне ұқсас адамның видеосы тараған еді. Осыдан кейін Шымкент қаласының әкімдігі қызметтік тексеру бастаған болатын.

Айта кетейік, Алмас Абаев Қаратау ауданының әкімі қызметіне 2025 жылдың сәуір айында тағайындалған. Оның алдында бұл қызметті атқарған Рахымберді Мүлкеманов бірінші сынып оқушысының кәріз шұңқырында қаза табуынан кейін қызметінен босатылған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.