Шымкент балбақшасындағы жандал: Фотоға түсіп, банандарды тартып алған
Шымкент қаласындағы «Балымша» жекеменшік балабақшасына қатысты видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ait Media. Кадрларда тәрбиешілердің балаларға банан таратып, кейін суретке түсіріп болған соң оларды қайта жинап алғаны көрінеді.
Ата-аналардың айтуынша, балабақшада бүлдіршіндерге күн сайын банан беріледі деп көрсетілген. Алайда бейнежазбада жемістердің тек фотоесеп үшін таратылғаны байқалады. Видеода балалардың бірі бананын бергісі келмегені де көрінеді. Кейін басқа бала оны алып, тәрбиешіге апарып берген.
Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты наразылық білдіріп, балабақша қызметкерлерінің әрекетін сынға алды. Көпшілік мұндай әрекет ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына деген сеніміне кері әсер ететінін жазған.
Шымкент қалалық білім басқармасы аталған оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, видео 2026 жылдың ақпан айында түсірілген.
Білім басқармасы бұл мәселеге байланысты Шымкент қалалық полиция департаментіне, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ресми хат жолданғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.