Шымбұлақта әуесқой шыңғышылар арасында жаңа рекорд тіркелді
«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында әуесқой шаңғышылар арасында шаңғымен жылдам сырғанау бойынша Қазақстанның жаңа рекорды орнатылды, деп хабарлайды Ait Media.
Қазақстанның рекордтар кітабы — КИнЭС-2026 деректеріне сәйкес, 2026 жылдың 23 ақпанында ел рекордын әуесқой шаңғышы Сергей Апенко орнатты. Жылдамдықпен түсу кезінде ол 160,953 км/сағ көрсеткішіне жеткен.
Рекордтық түсу сәтінің видеосы курорттың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Кадрларда спортшының курорттың бір беткейінде жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқаны көрінеді.
Салыстыру үшін айта кетсек, шаңғымен жылдам сырғанау бойынша әлемдік рекорд француз спортшысы Симон Биллиге тиесілі. Ол 2023 жылы 255,5 км/сағ жылдамдыққа жеткен.