ШҚО-да құтқарушы ит зейнетке шықты
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары төрт аяқты әріптестерінің бірі – Вилли атты лабрадорды құрметпен зейнетке шығарып салды, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің парақшасында жарияланды.
Құтқарушылар Виллиге құрметпен алғыс айтты:
"Бүгін бізде иттеріміздің бірі зейнетке шығады. Ол 10 жыл бойы адал қызмет етті. Вилли атты лабрадор 40-тfн астам іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Бүгін біз оны құрметпен шығарып салғымыз келеді. Рақмет саған, Вилли!"
Вилли төтенше жағдайлар департаментінде тек іздестіру-құтқару операцияларында ғана емес, қар көшкіндері кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және профилактикалық рейдтерде белсенділік танытқан. Құтқарушылардың сөзінше, ол тек әріптес қана емес, нағыз дос әрі сенімді серігі болған.
Желіде қолданушылары да таңдануын жасырмай, жылы пікірлер қалдырды.