AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.00
473.13
EUR 0.00
554.08
RUB 0.00
6.13
CNY 0.00
69.29

Шетел азаматтары үшін Қазақстанда тұру ықтиярхатын алу қиындай түсті

паспорт
Фото: Freepik

Шетел азаматтарына Қазақстанда тұру ықтиярхатын (ВНЖ) алу үшін қазақ тілін білу талабы A2 деңгейінен B2 деңгейіне көтерілді, деп хабарлайды Aitmedia. Бұл туралы релокант Виктория Лаухина мәлімдеді.

testcenter.kz сайтында көрсетілгендей, сынақ тестілеудің құны 2311 теңгені құрайды.

Ең басты өзгеріс — қазақ тілін білу деңгейіне қойылатын талаптың күшеюі. Бұрын шетелдіктер үшін жеткілікті болған A2 деңгейінің орнына енді B2 деңгейін растау қажет. Автордың айтуынша, бұл тұру ықтиярхатын алу процесін айтарлықтай күрделендіреді.

@vikulyabutenko

Поменяли буквально вот : вчера сегодня , два дня назад проходной уровень был А2 , так что учим усерднее , ребятушки 💪🏻

♬ оригинальный звук - vikulyaukhlina

Жаңа талаптарға сәйкес, шетел азаматтары КАЗТЕСТ жүйесі бойынша онлайн тест тапсыруы тиіс. Тест қашықтан өткізіледі және тыңдалым мен оқылым дағдыларын тексереді. Барлығы 60 сұрақтан тұратын емтиханға 70 минут беріледі. Сәтті тапсыру үшін әр бөлімнен кемінде 30% дұрыс жауап және жалпы 400 балл жинау қажет.

Тест қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсетсе, оны 30 күн ішінде екі реттен көп емес мәрте тапсыруға болады. Әрбір қосымша тест тапсыру ақылы түрде жүргізіледі.

Мамандардың пікірінше, бұл өзгерістер Қазақстанда ұзақ мерзім тұруды жоспарлаған шетелдіктердің тілдік бейімделуін күшейтуге бағытталған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.