AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Шерзат Болат ісіне қатысты сотталған екі азамат өздерін ақтауды сұрап отыр

d9625b63b1dfb2cc
Фото: instagram.com/justice_for_sherzat

Шерзат Болат ісіне қатысты сотталған Азамат Тоқтаубаевтан және Дидар Қалиахметовтан кассациялық шағым түсті, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді. Екеуі де сот үкімдерімен келіспей, ақтауды сұрап отыр.

Бүгін, 7 сәуірде белгілі болғандай, осы іс бойынша сотталған 9 адамның екеуі, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет сот үкімдерімен келіспей, шешімдерді қайта қарауды сұрап отыр. Тоқтаубаев 15 жылға, ал Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Заңгер өз хабарламасында былай деген:

«Біз шұғыл алдарыңызға шығуға мәжбүрміз.

Бүгін ғана Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар келіп түскен екен. Алайда бұл шағымдарды бізге тек қазір ғана алу мүмкін болды. Ал сот ертеңге тағайындалған.

Сондықтан, достар, бізді қолдай отырыңыздар. Атап айтқанда, Тоқтаубаев Азаматтан және Қалиахмет Дидардан кассациялық шағым түскен. Екеуі де сот үкімдерімен келіспей, ақтауды сұрап отыр.

Бізді қолдап кетіңіздер, әділдік әрдайым биікте болсын.»

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.